Евразия24ЖаңалықтарРесей азаматтарына Қытаймен визасыз режим енгізіледі

Ресей азаматтарына Қытаймен визасыз режим енгізіледі

|

|

Мәскеу. 18 қараша. ИНТЕРФАКС – Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қытай Халық Республикасының азаматтарына визасыз режим енгізу бойынша айна тәрізді шаралар жақын арада Ресейде күшіне енеді деп мәлімдеді.

«Екі ел халқы арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға Қытай тарапынан ресейлік азаматтар үшін визасыз режим енгізу туралы шешім сөзсіз ықпал етеді. Бұл – ізгі ниеттің көрінісі. Өз тарапымыздан Қытай Халық Республикасының азаматтарына қатысты айна принципі негізінде қабылданған шаралар өте жақын арада күшіне енеді», – деді Путин ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен кездесу барысында.

Ресей Президенті бұл шешімнің экономикалық және гуманитарлық салаларға елеулі оң ықпал ететініне сенім білдірді.

«Менің ойымша, бұл біздің қарым-қатынастарымыздың жаңа серпінмен дамуына үлкен серпіліс береді», – деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, Қытай билігі 15 қыркүйектен бастап Ресей азаматтары үшін визасыз режим енгізген болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...