Евразия24ЖаңалықтарРесей Украина бойынша ұсыныстарын Трампқа жеткізді

Ресей Украина бойынша ұсыныстарын Трампқа жеткізді

|

|

Вашингтон, 10 шілде – ИНТЕРФАКС. Ресей тарапы Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен шешуге қатысты бірқатар бастамаларын ортаға салды. Аталған ұсыныстар АҚШ президенті Дональд Трампқа жеткізілді, деп мәлімдеді Мемлекеттік департамент өкілі Тэмми Брюс.

«Ресейліктер кейбір ойларын білдірді. Оларды (АҚШ Мемлекеттік хатшысыМарко Рубио – ИФ) президентке табыстайды. Енді қандай шешім қабылданатынын күтеміз», – деді ол Куала-Лумпурда Сергей Лавровпен кездесуге қатысты пікір білдіре отырып.

Брюс атап өткендей, мұндай мәселелер бойынша түпкілікті шешім қабылдайтынпрезиденттің өзі.

Ол сондай-ақ Трамптың бұған дейін Украина бойынша бейбіт келіссөздерде ілгерілеудің жоқтығына алаңдаушылық білдіргенін еске салды.

«Бұл жағдай өзгеруі мүмкін деп үміттенеміз. Біз өз тарапымыздан үдерісте белсенділік танытып, ықпал ете береміз», – деп түйіндеді ресми өкіл.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...