Евразия24ЖаңалықтарТрамп: Украинаға берілетін қару үшін АҚШ емес, НАТО толық төлейді

Трамп: Украинаға берілетін қару үшін АҚШ емес, НАТО толық төлейді

|

|

Вашингтон. 11 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдеуінше, АҚШ, НАТО және Украина арасындағы келісім аясында Киевке жеткізілетін қару-жарақтың ақысын НАТО толығымен өтейді.

«Біз қаруды НАТО-ға жеткіземіз, ал оның ақысын НАТО 100% төлейді. Осылайша, жөнелтілген қару алдымен НАТО-ға түседі, кейін НАТО оны Украинаға береді және оның ақысын өзі төлейді», – деді Трамп NBC News телеарнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бұл келісім маусым айында өткен Солтүстік Атлантикалық альянс саммитінде жасалған.

Алайда, Трамп нақты қандай қару-жарақ жөнінде сөз болып отырғанын нақтыламады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.