Евразия24ЖаңалықтарРесейлік «Р-Фарм» компаниясы Қазақстанда дәрі-дәрмек өндіретін зауыт салуға $200 млн инвестиция салады

Ресейлік «Р-Фарм» компаниясы Қазақстанда дәрі-дәрмек өндіретін зауыт салуға $200 млн инвестиция салады

|

|

АСТАНА. 1 қараша. ИНТЕРФАКС–ҚАЗАҚСТАН.

Ресейлік халықаралық «Р-Фарм» компаниясы Қазақстанда Khan Tengri Biopharma серіктестігімен бірлесіп, Алатау қаласында дәрі-дәрмек өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Компания өкілі Николай Земсков Астанада өткен «Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстел – 2025» (KGIR-2025) аясында жобаның егжей-тегжейін таныстырды.

«$200 млн көлеміндегі инвестиция есебінен толық өндірістік циклге негізделген инновациялық биофармацевтикалық хаб салынбақ. Жоба перспективалық бағыт ретінде белгіленген жаңа Алатау қаласында жүзеге асырылады. Құрылысқа арналған жер телімі бөлінген», – деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жоба бойынша Қазақстан Үкіметімен инвестициялық келісім жасасу процесі жүріп жатыр.

Инновациялық орталық бірнеше жүз жаңа жұмыс орнын құрып, жергілікті статусқа ие өнімдерді тек ішкі нарыққа ғана емес, экспортқа да шығару көзделуде. Жобаны алдағы үш жыл ішінде іске асыру жоспарланған.

Сонымен қатар, компания дәрі-дәрмектің түпкілікті құнын тұтынушылар үшін әр үш жыл сайын шамамен 20%-ға төмендету жөнінде міндеттеме алып отыр. Бұл айырмашылық экспорт көлемінің есебінен өтелетін болады.

«Р-Фарм» компаниялар тобы – бас кеңсесі Ресейде орналасқан, халықаралық деңгейде жұмыс істейтін медициналық-биотехнологиялық компания.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...