Евразия24ЖаңалықтарСербия парламенті ғимараты маңында атыс пен өрт болды: бір адам ауыр жарақат...

Сербия парламенті ғимараты маңында атыс пен өрт болды: бір адам ауыр жарақат алды

|

|

Рим. 22 қазан. Интерфакс. Белградтағы скупщина (Сербия парламенті) ғимараты алдында сәрсенбі күні атыс пен өрт шықты. Оқиға салдарынан бір адам ауыр жарақат алды, деп хабарлады сербиялық РТС телерадиокорпорациясы.

Сербияның денсаулық сақтау министрі Златибор Лончардың айтуынша, қарулы белгісіз адам ел президенті Александр Вучичтің жақтастары орналасқан шатырлы лагерьге оқ жаудырып, бір адамды ауыр жаралаған. Жараланған азамат ауруханаға жеткізіліп, оған ота жасалмақ.

Министрдің мәліметінше, шабуыл жасаған адам лагерьдегі шатырды өртеп жіберген. Күдікті дереу қолға алынды.

«Ер адам бірнеше рет оқ атқан, ал оқ-дәрісі таусылған соң өрт қойған. Жараланған адамның жағдайы өте ауыр. Оның өмірін сақтап қалуға үміттенемін, бірақ нақты айта алмаймын – бәрі операцияның нәтижесіне байланысты. Біз қалайша мұндай деңгейге жеттік – басқа пікірдегі адамдарға шабуыл жасалатын жағдайға? Бұл – бәріміз үшін соңғы ескерту. Мұндай жағдай қайталанбауы тиіс, әйтпесе елде өте күрделі мәселелер туындайды», – деді Лончар.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...