Евразия24ЖаңалықтарSkydance пен Paramount бірігуі мақұлданды

Skydance пен Paramount бірігуі мақұлданды

|

|

МӘСКЕУ. 25 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ-тың Федералды байланыс комиссиясы (FCC) Skydance Media мен Paramount Global медиахолдингтерінің бірігуін мақұлдады. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады. Басылым мәліметінше, мәміле алдағы апталарда аяқталуы мүмкін.

Skydance пен Paramount 2024 жылғы шілдеде бірігу туралы жариялаған болатын. Құны 28 миллиард доллар деп бағаланған жаңа біріккен компания медиа және ойын-сауық индустриясындағы ірі ойыншылардың біріне айналмақ.

FCC мақұлдауын алу үшін Skydance компаниясының бас директоры Дэвид Эллисон Paramount құрамындағы CBS News жаңалық қызметінің объективті журналистика қағидаттарына сай жұмыс істейтініне және редакциялық саясатта АҚШ аудиториясының әртүрлі көзқарастары ескерілетініне кепілдік берді. Сонымен қатар, CBS News құрылымында аудитория шағымдарын қарайтын омбудсмен қызметі енгізіледі.

Paramount Global медиаимперциясына «Top Gun» және «SpongeBob SquarePants» сынды әйгілі кинофраншизалар, CBS жаңалық және спорт арналары, сондай-ақ Comedy Central, MTV, Nickelodeon арналары мен бірнеше елдегі стримингтік сервистер тиесілі.

Skydance – Голливудтағы жетекші тәуелсіз студиялардың бірі. Компания соңғы жылдары «Миссия: мүмкін емес. Қауіпті есеп – 1-бөлім» және «Топ Ган: Мэверик» сияқты жоғары табыс әкелген фильмдерді шығарған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...