Евразия24ЖаңалықтарСтармер Палестинаны мемлекет ретінде мойындау мүмкіндігін қарастырып отыр

Стармер Палестинаны мемлекет ретінде мойындау мүмкіндігін қарастырып отыр

|

|

Лондон, 26 шілде. ИНТЕРФАКС. Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер Таяу Шығыстағы дағдарысты реттеудің ықтимал жолдарының бірі ретінде Палестина мемлекетінің құрылуын атады. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жариялаған бейне мәлімдемесінде айтты.

Стармердің айтуынша, Ұлыбритания өз одақтастарымен бірлесе отырып, аймақтағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған нақты әрі практикалық шаралар бойынша жұмыс жүргізуде.

«Палестина мемлекетін мойындау – осындай қадамдардың бірі болуы тиіс. Бұл – менің айқын ұстанымым», – деді үкімет басшысы.

Бұған дейін Франция Президенті Эмманюэль Макрон да БҰҰ Бас Ассамблеясының қыркүйектегі сессиясында Париждің Палестина мемлекетін ресми түрде мойындайтынын мәлімдеген болатын.

«Таяу Шығыста әділ және ұзақ мерзімді бейбітшілік орнатуға бағытталған тарихи ұстанымға берік бола отырып, Франция Палестина мемлекетін мойындайды деген шешім қабылдадым», – деп жазды Макрон әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алайда бұл бастамаға қарсы пікір білдіргендер де табылды. Атап айтқанда, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Францияның бұл шешіміне қарсылық танытты. Сонымен қатар, бірқатар мемлекеттер Макронның бастамасын қолдап, оң бағасын берді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...