Евразия24ЖаңалықтарТокио Астананы халықаралық тәртіпті сақтаудағы стратегиялық әріптес ретінде қарастырады

Токио Астананы халықаралық тәртіпті сақтаудағы стратегиялық әріптес ретінде қарастырады

|

|

Астана. 18 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаити Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа серпін береді деген сенім білдірді. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Біз Қазақстанды құқық үстемдігіне негізделген еркін әрі ашық халықаралық тәртіпті сақтау және нығайту ісіндегі стратегиялық әріптес ретінде қарастырамыз», – деді Санаэ Такаити Токиода Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен келіссөздер барысында.

Оның айтуынша, Жапония Қазақстанмен өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапарын «Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастардағы шын мәнінде маңызды кезең» деп атап, Жапонияны Азиядағы уақыт тезінен өткен сенімді әрі берік әріптес ретінде бағалайтынын айтты.

Президент сондай-ақ «Орталық Азия плюс Жапония» форматы алғаш рет 2004 жылы бастама ретінде көтерілгенін еске салды. «Бүгінде мұндай кездесулер кеңінен таралып, ірі мемлекеттердің қатысуымен “Орталық Азия плюс” форматтарының саны артты. Алайда бұл бағыттың бастамашысы әрі негізін қалаушы ретінде Жапония орынды түрде бірінші болып саналады», – деді Мемлекет басшысы.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары жан-жақты талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары 20 желтоқсанға дейін жалғасады. Сапар аясында Президенттің «Орталық Азия – Жапония» саммитінің жұмысына қатысуы жоспарланған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.