Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Аралды құтқару қорына Ресейдің қосылуын ұсынды

Тоқаев Аралды құтқару қорына Ресейдің қосылуын ұсынды

|

|

АСТАНА. 12 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Аралды құтқару халықаралық қорының (АҚХҚ) жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтіп, бұл үдерісте Ресей Федерациясын байқаушы ретінде тарту орынды болатынын мәлімдеді.

«Шекарааралық су ресурстарын пайдалану мәселелері, Арал мен Каспий теңіздерінің экологиялық жағдайы жедел шешімді талап етеді. Өзара ымыраға негізделген ортақ күш-жігер арқылы Аралды құтқару халықаралық қорының тиімділігін арттыруға болар еді. Бұл ретте Ресей Федерациясын байқаушы мәртебесінде қорға тарту пайдалы болар еді», – деді Мемлекет басшысы жұма күні Ашхабадта өткен Бейбітшілік пен сенім форумында сөйлеген сөзінде.

Каспий теңізіне қатысты Тоқаев қазіргі құрғау қарқыны сақталса, бұл қауіпті үдеріс қайтымсыз сипатқа ие болып, экологиялық, әлеуметтік-экономикалық, тіпті саяси салдарлар тудыруы мүмкін екенін ескертті.

«Қазақстан Каспий экожүйесін жойылудан және теңізді таязданудан қорғауға бағытталған арнайы мемлекетаралық бағдарлама әзірлеу туралы бастама көтерді. Бұл бірегей су айдынын сақтау жолындағы күш-жігерімізді әлемдік қауымдастық қолдайды деп сенеміз», – деді Президент.

Аралды құтқару халықаралық қоры 1993 жылы құрылып, оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдері қатысушы мемлекет ретінде кіреді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...