Евразия24Таңдаулы жаңалықтарМектепке дейінгі ұйымдарға лицензия беру тәртібі енгізіледі

Мектепке дейінгі ұйымдарға лицензия беру тәртібі енгізіледі

|

|

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлайды: «2027 жылдан бастап балабақшалар міндетті түрде лицензияланатын болады. ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекованың айтуынша, бұл мәселе министрліктің ерекше бақылауында тұр. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кәсіпкер балабақша ашқан кезде жергілікті атқарушы органдар мен министрліктің аумақтық департаменттерін міндетті түрде хабардар етуге тиіс. Балабақшалардағы білім беру сапасын арттыру мақсатында талаптар күшейтілуде және заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді. «Мейлі мектеп, мейлі балабақша болсын – қазір лицензиялау жүйесі енгізілуде. Әрбір мектеп пен балабақшаның ғимаратына, педагогикалық әлеуетіне, білім беру бағдарламаларына, материалдық-техникалық базасына және инфрақұрылымына қойылатын нақты талаптар белгіленді. Бұл талаптар бекітілді. Заң 2024 жылы күшіне енді. Балабақшаларды осы талаптарға сәйкестендіруге 2025–2026 жылдар аралығында дайындық мерзімі белгіленген. 2027 жылдың қаңтарынан бастап меншік нысанына қарамастан, барлық балабақшалар міндетті түрде лицензияланатын болады», – деді вице-министр.

 

Евразия24 пікірі:

Мемлекеттің мектепке дейінгі білім беру саласында тәртіп орнатуға бағытталған шешімі – қажетті әрі алдын ала болжанған қадам болды. Өйткені мемлекеттік балабақшалардағы орын тапшылығына байланысты аймақтарда күмәнді қызмет көрсететін жекеменшік мекемелер қаптап кетті. Мәселен, 2023 жылы Алматы облысында жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде  мемлекеттік тапсырыс қаражатын жымқыру үшін құрылған 9 жеке «көлеңкелі» балабақша анықталған. Лицензиялау – сапаны бақылаудың тиімді тетігі, демек, бұл – заң шеңберінде жұмыс істеуге ынталандыратын құрал. Алайда жаңа талаптар бағаға кері әсер етуі мүмкін. Барлық жеке балабақшалар лицензия ала алмайды деген қауіп бар. Бұл өз кезегінде онсыз да тапшылық болып тұрған нарықты одан әрі қысқартуы ықтимал. Ал тапшылық – әрдайым бағаның өсуіне әсер етеді. Дегенмен, әңгіме кішкентай қазақстандықтардың тәрбиесі мен қауіпсіздігі туралы болғанда үндемеу дұрыс емес.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.