АСТАНА. 13 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумына қатысады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Хабарламада форум 14 қараша, жұма күні Астанада өтетіні нақтыланады. Шара барысында аграрлық саланы дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланбақ.




