Евразия24ЖаңалықтарТоқаев БАӘ Қорғаныс істері жөніндегі министрімен қауіпсіздік және әскери білім беру саласындағы...

Тоқаев БАӘ Қорғаныс істері жөніндегі министрімен қауіпсіздік және әскери білім беру саласындағы ынтымақтастықты талқылады

|

|

Астана. 30 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі Мұхаммед бен Мубарак Фадель Әл-Мазруи қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әскери білім беру салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады, деп хабарлайды сейсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Кездесу елордадағы Президент резиденциясында өтті.

«Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктерін атап өтіп, озық технологиялар мен инновациялар саласында тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне назар аударды», – делінген хабарламада.

Президент сондай-ақ Астана мен Абу-Даби арасындағы қарым-қатынастардың барлық бағыттар бойынша қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.

Өз кезегінде министр бұл сапар әскери саладағы өзара іс-қимылға тың серпін беретініне сенім білдірді, деп көрсетілген баспасөз қызметінің ақпаратында.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...