Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған Трамптың бейбіт бастамасын құптайды

Қазақстан Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған Трамптың бейбіт бастамасын құптайды

|

|

 

Астана. 30 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған жан-жақты бейбіт жоспарын қолдайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысының көмекшісі Руслан Желдібай мәлімдеді.

«Қазақстан Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған АҚШ Президенті Дональд Трамптың жан-жақты бейбіт жоспарын құптайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу, мемлекетаралық сенімді нығайту, сондай-ақ өңірде тұрақты әрі әділ бейбітшілікті орнату жолындағы маңызды қадам әрі бірегей мүмкіндік ретінде қарастыратынын айтты», – деп жазды Желдібай сейсенбі күні әлеуметтік желілерде.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

NIS 2025 жылға дивиденд төлемейді

Сербияның NIS энергетикалық компаниясының («Газпром нефть» тобына кіреді) акционерлері жылдық жалпы жиналыста өткен жылдардағы бөлінбеген пайданы 2025 жылғы шығынды жабуға бағыттау туралы шешімді мақұлдады. Соған байланысты компания 2025 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлемейді.

Қазақстан мен Грузия стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қазақстан Грузияны стратегиялық маңызы бар дәстүрлі серіктес ретінде қарастырады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидземен өткен келіссөздер барысында мәлімдеді.

Грузия премьер-министрі Қазақстанның І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидзені І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Грузия стратегиялық әріптестік орнатты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Қазақстан Республикасы мен Грузия арасында стратегиялық әріптестік орнату туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.