Евразия24ЖаңалықтарТоқаев егін жинау науқанын уақытында аяқтауды тапсырды

Тоқаев егін жинау науқанын уақытында аяқтауды тапсырды

|

|

Астана. 16 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдіктеріне егін жинау жұмыстарын уақытылы аяқтауды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Ауыл шаруашылығы жұмыстарының дер кезінде аяқталып, биылғы өнімнің толық жиналуы аса маңызды. Бұл – елдің азық-түлік қауіпсіздігіне және ішкі нарықтағы тұрақтылыққа тікелей әсер етеді. Егер егін орағы сәтті өтсе, экспорттық әлеуетіміз артып, шетелге жеткізілетін өнім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік туады», – деді Президент Ақмола облысында өткен жылжымалы кеңесте.

Тоқаев бұл өңірге арнайы келгенін атап өтіп, мемлекет аграрлық сала өкілдеріне бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетіп отырғанын айтты.

«Атап айтқанда, менің тапсырмам бойынша биыл ауыл шаруашылығын жеңілдетілген қаржыландыруға рекордтық 1 трлн теңге бөлінді. Мемлекеттік жүйелі қолдаудың нақты нәтижесі байқалып отыр. Агротехнологияларды қолдану сапасы артты, өнімділік жоғарылады. Бұған дейін мен ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру міндетін қойған болатынмын. Қазіргі таңда осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл қарқынды бәсеңдетуге болмайды», – деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, 15 қыркүйектегі жағдай бойынша, Қазақстанда 7,8 млн гектар жердің немесе астық егілген алқаптың 48,7%-ының өнімі жиналып, 11,6 млн тонна астық бастырылған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...