Астана. 23 ақпан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Грузияның ішкі істер министрі Гела Геладземен кездесіп, құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Бұл туралы дүйсенбі күні мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Геладзе грузин құқық қорғау органдарының шетелдік туристердің, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысы туралы мәлімет берді.
Хабарламада атап өтілгендей, Қазақстан мен Грузияның ішкі істер министрліктері ұйымдасқан қылмысқа, есірткі және киберқылмысқа, экстремизмге қарсы күрес, сондай-ақ озық тәжірибе алмасу және кадр даярлау бағыттары бойынша ынтымақтастықты нығайтуға ниетті.
Кездесу қорытындысында Тоқаев Грузия Президенті Михаил Кавелашвилиге және премьер-министрі Иракли Кобахидзеге сәлем жолдады, деп хабарлады баспасөз қызметі.




