Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан мен Грузия сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Грузия сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

|

|

Астана. 23 ақпан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидземен екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйі мен оларды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Грузия тарапының бастамасымен өткен телефон арқылы әңгіме барысында тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібінің кең ауқымды мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бейілді екенін растады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтуге, әсіресе транзиттік-көлік байланыстары, энергетика және туризм салаларындағы басым бағыттарға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ тараптар өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.