Евразия24ЖаңалықтарТоқаев мал шаруашылығын АӨК дамуының басым бағыты деп атады

Тоқаев мал шаруашылығын АӨК дамуының басым бағыты деп атады

|

|

Астана. 14 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіптік кешенде мал шаруашылығы саласының әлеуетін толық көлемде пайдалану қажеттігін айтты. Бұл бағытты басымдық ретінде айқындау қажет екенін Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында мәлімдеді.

«Бұған дейін біз егін шаруашылығын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп, жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Енді мал шаруашылығын аграрлық сектордың басым бағыты ретінде мойындау қажет», – деді Президент жұма күні Астанада өткен форумда.

Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің кең байтақ даласында жыл бойы мал жаюға мүмкіндік бар, осы әлеуетті тиімді пайдаланған жөн.

«Мемлекет тарапынан қажетті қолдау көрсетілуде. Қазіргі таңда нақты қаржыландыру тетіктері іске асырылып жатыр: жайылымдарды сумен қамтамасыз ету, бордақылау алаңдарын салу, асыл тұқымды мал алу бағыттарына субсидия қарастырылған. Мәселен, тек былтырдың өзінде осы мақсаттарға 60 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Сонымен қатар, шаруашылығын кеңейткісі келетін кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие де беріледі», – деп еске салды Тоқаев.

Президент Үкіметке мал шаруашылығын дамыту үшін тұрақты және сенімді жағдай қалыптастыруды тапсырды. Сондай-ақ ветеринария саласын қажетті материалдық-техникалық база­мен қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Кувейттің KPC компаниясы мұнай-химия нысандарына дрондармен жасалған шабуыл туралы хабарлады

Кувейттің мемлекеттік Kuwait Petroleum Corporation компаниясы мұнай өндіру және мұнай-химия нысандарына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жасалған шабуыл туралы мәлімдеді.

ОПЕК+ елдерінің бір тобы мамырда мұнай өндіруді ұлғайтуға келісті

ОПЕК+ келісімі аясында бұрын мұнай өндіруді ерікті түрде қысқартқан сегіз мемлекет мамыр айында өндіріс көлемін тәулігіне 206 мың баррельге арттыру жөнінде ортақ ұстанымға келген.

АҚШ арнайы жасағы Иранда ұшқышты құтқару операциясы кезінде қақтығысқа түсті

АҚШ арнайы жасағы Иран аумағында жүргізілген құтқару операциясы барысында ирандық күштермен қақтығысқа түсті.

Израиль бір тәулікте Ирандағы 120-дан астам әскери нысанаға соққы жасады

Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) мәліметінше, Израиль әуе күштері бір тәулік ішінде Иран аумағындағы 120-дан астам әскери нысанаға соққы берген.