Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасайды

|

|

АСТАНА. 8 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбі күні халыққа кезекті Жолдауын жариялап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басым бағыттар мен міндеттерді айқындайды.

Мемлекет басшысының сөзі парламент палаталарының (мәжіліс пен сенат) осы сессиядағы екінші бірлескен отырысында айтылмақ. Әдетте, Президент жыл сайынғы Жолдауын парламент сессиясының ашылуында – қыркүйектің алғашқы жұмыс күні жариялайды. Алайда биыл бұл мерзім Тоқаевтың Қытайға жасаған ресми сапарымен тұспа-тұс келді.

Конституцияға сәйкес, Жолдауда Президент елдегі жағдайға баға беріп, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын жариялайды. Тамыз айының соңында Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда елдің экономикалық және әлеуметтік саясатының аса маңызды мақсаттары мен міндеттері нақты белгіленетінін атап өткен болатын.

Парламент палаталарының бірлескен отырысына депутаттармен қатар орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам және еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.

Мемлекет басшысының Жолдауы республикалық телеарналарда және Ақорданың ресми әлеуметтік желілерінде сағат 11:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, Президент Тоқаевтың бұған дейінгі Жолдауы 2024 жылдың 2 қыркүйегінде жарияланған болатын. Ол «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық даму, қоғамдық оптимизм» деген атаумен ұсынылған еді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...