Евразия24ЖаңалықтарФранция Ұлттық жиналысының депутаттары премьер-министрге сенім білдіру мәселесін дауысқа салады

Франция Ұлттық жиналысының депутаттары премьер-министрге сенім білдіру мәселесін дауысқа салады

|

|

Париж. 8 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Франция премьер-министрі Франсуа Байрудың бастамасымен үкіметке сенім вотумын өткізу жөніндегі дауыс беру дүйсенбі күні ел парламентінің төменгі палатасы – Ұлттық жиналыста өтеді.

Байру бұл бастамасын 25 тамызда өткен баспасөз мәслихатында жариялап, 8 қыркүйекте Ұлттық жиналыста үкіметке сенім білдіру мәселесі қаралатынын мәлімдеді. Оның басты мақсаты – мемлекеттік бюджеттің тапшылығын азайту үшін қатаң үнемдеу шараларын қамтитын экономикалық реформаларға қажетті саяси мандат алу.

Премьер-министр саяси күштердің үкіметтің экономикалық бағытына көзқарасын нақтылауды көздейді. Егер сенімсіздік вотумы қабылданса, үкімет отставкаға кетуге міндетті болады.

Ouest-France басылымының жазуынша, Франсуа Байру сенім дауыс беруінде жеңіліс тапқан Бесінші республиканың алғашқы премьері атануы мүмкін. Басылым жақында жүргізілген сауалнама нәтижелерін келтіре отырып, “респонденттердің 81 пайызы премьер-министрдің қызметін мақұлдамайды, оның ішінде 51 пайызы мүлде қолдамайды – бұл рекордтық көрсеткіш” деп жазады.

Байрудың отставкаға кетуі мүмкін екендігі туралы болжамды күшейтіп тұрған жайт – оппозициялық партиялардың бұл бастамаға бірауыздан қарсы шығуы. Солшыл радикалды «Бас имеген Франциядан» бастап оңшыл «Ұлттық бірлікке» дейінгі барлық оппозициялық күштер сенім вотумына қарсы дауыс беретіндерін алдын ала мәлімдеген. Француз бұқаралық ақпарат құралдары соңғы екі апта бойы премьердің отставкасын сөзсіз болатын оқиға ретінде сипаттап келеді.

Ouest-France атап өткендей, Байру бұған дейін 2026 жылға арналған бюджет жобасын социалистердің қолдауымен қабылдата алған. Алайда бұл жолы социалистердің бейтарап қалуы да көмектеспеуі мүмкін, себебі олар да сенім білдіруге қарсы дауыс береміз деп отыр. Премьер-министр үкіметі 210 жақтаушы дауысқа ғана ие болуы мүмкін, ал оппозиция фракцияларының саны – 353 дауыс. Мұндай дауыс беруде жай көпшілік жеткілікті.

Ең басты интрига – дауыс беру нәтижесі бойынша Президент Эмманюэль Макрон Ұлттық жиналысты тарата ма, жоқ па деген мәселе. Бірқатар саясаткерлер бұл қадамды сөзсіз деп санайды, ал оппозициялық күштер тарату қажеттігін талап етуде.

“Ұлттық бірлік” партиясы мен экс-премьер Эдуар Филипптің “Горизонты” партиясы парламент таратылған жағдайда өз орындарын көбейтуді көздеп отыр. Орталық оңшыл күштер мен солшыл блок партиялары не шартты түрде қолдап отыр, не осы сценарийге дайындық жүргізуде.

BFMTV телеарнасы президенттің айналасындағы дереккөздерге сілтеме жасап, Макрон парламентті қайта таратқысы келмейтінін, бірақ мұндай қадамға баруға құзыреті бар екенін хабарлады.

«Президент үшін басты басымдық – елдегі тұрақтылық. Ол өз шешімін осы негізде қабылдайды», – дейді Макрон командасы.

Айта кетейік, Президент Эмманюэль Макрон бұрын да бірнеше мәрте оппозицияның талаптарына қарамастан отставкаға кетпейтінін мәлімдеген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Германия мен Ұлыбритания 2034 жылға қарай ұшу қашықтығы 2 мың шақырым болатын қанатты зымыран әзірлеуді жоспарлап отыр

Германия мен Ұлыбритания қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейту аясында 2034 жылға дейін нысаналарды 2 мың шақырым қашықтықтан жоя алатын қанатты зымыран әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Welt басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ Қорғаныс министрлігі Иранға қарсы операцияға байланысты қаржы тапшылығына тап болуы мүмкін

АҚШ Қорғаныс министрлігі Иранға қарсы әскери операцияға байланысты қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етуге арналған қаражат тапшылығына жақын қалды. Бұл туралы The Washington Post газеті дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Қытай Жапонияның әскери кемелерге қатысты алаңдаушылығын негізсіз деп атады

Қытай Сыртқы істер министрлігі Жапонияның ел маңындағы теңіз акваториясында Қытай әскери кемелерінің әрекетіне қатысты алаңдауына негіз жоқ деп мәлімдеді. Бұл туралы Global Times хабарлады.

ОСК Құрылтай сайлауына қатысатын барлық жеті саяси партияның тізімін тіркеді

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) сейсенбі күні Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кандидаттар тізімін тіркеді.