Евразия24ЖаңалықтарТоқаев: Қазақстан халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейтуді жалғастырады

Тоқаев: Қазақстан халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейтуді жалғастырады

|

|

АСТАНА. 1 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әуе қатынасын дамытуды көлік саясатының маңызды бағыты ретінде атап өтіп, халықаралық бағыттардың географиясын кеңейту жөніндегі жұмыстың жалғасатынын мәлімдеді. Бұл туралы Президент көлік саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтау барысында айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Өткен жылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында жаңа әуежай терминалдары іске қосылды. Бұл әуежайлардың өткізу қабілетін едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Мысалы, бұрын Алматы әуежайы жылына 2,5 млн жолаушыны қабылдай алса, бүгінде бұл көрсеткіш 14 млн-ға дейін жетті», – деді Президент.

Мемлекет басшысы Зайсан, Катонқарағай және Кендірліде жаңа әуежайлар салу, сондай-ақ Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті.

«Бүгінде Қазақстан 30-дан астам елмен тікелей әуе қатынасын орнатқан. Алайда бұл көрсеткіш ел әлеуетіне сай емес. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ Президент ұлттық жүк тасымалдаушы әуе компаниясын құру жоспарына тоқталды.

«Азаматтық авиация мен жүк тасымалын дамыту тек көлік инфрақұрылымын жетілдірумен шектелмейді. Бұл – ел экономикасының өсуіне, халықаралық беделін арттыруға және егемендігін нығайтуға бағытталған стратегиялық міндет», – деді Мемлекет басшысы.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...