Евразия24ЖаңалықтарТоқаев: Қазақстан үш жыл ішінде толыққанды цифрлық мемлекетке айналуы тиіс

Тоқаев: Қазақстан үш жыл ішінде толыққанды цифрлық мемлекетке айналуы тиіс

|

|

Астана, 8 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдағы үш жылда цифрлық мемлекетке айналуын стратегиялық міндет ретінде айқындады.

«Жасанды интеллекттің қарқынды дамуы қазірдің өзінде адамдардың, әсіресе жастардың дүниетанымы мен мінез-құлқына әсер етіп жатыр. Бұл – баламасы жоқ үдеріс. Себебі ол бүкіл адамзаттың өмір салты мен әлемдік тәртіпті түбегейлі өзгертіп отыр. Біз бұған дайын болуымыз керек. Белсенді әрекетке көшу қажет. Өйткені кідіріс орны толмас салдарға әкелуі мүмкін», – деді Мемлекет басшысы дүйсенбі күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында.

«Осыған байланысты мен елімізді үш жыл ішінде толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыруды аса маңызды стратегиялық міндет ретінде қойып отырмын», – деп атап өтті Тоқаев.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...