Евразия24ЖаңалықтарТоқаев: Салық ретінде төленген әр теңге қоғамға сапалы мемлекеттік қызмет түрінде қайтуы...

Тоқаев: Салық ретінде төленген әр теңге қоғамға сапалы мемлекеттік қызмет түрінде қайтуы тиіс

|

|

Астана, 8 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салық ретінде төленген әрбір теңге ел дамуына бағытталып, қоғамға сапалы мемлекеттік қызмет, инфрақұрылым және қолдау шаралары ретінде қайтарылуы қажет екенін мәлімдеді.

«Жаңа Салық кодексі тек нормалар мен рәсімдерді өзгертумен шектелмеуі керек. Ол адалдық пен ашықтыққа негізделген салық төлеушілердің жаңа менталитетін қалыптастыруы тиіс. Мемлекет адал салық төлеушілердің мүддесін қорғай отырып, олардың төлеген салығын елді дамытуға бағыттайды. Әрбір төленген теңге сапалы мемлекеттік қызмет, инфрақұрылым және мемлекеттік қолдау шаралары түрінде қоғамға қайтарылуы керек», – деді Мемлекет басшысы дүйсенбі күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.

Президенттің айтуынша, азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағытында едәуір ілгерілеу бар, алайда бизнес үшін бюрократиялық кедергілер әлі де үлкен мәселе болып отыр. Осы себепті цифрландыру өз мақсатына толық жетпей отыр.

«Мұндай жағдайды жедел өзгерту қажет, ең алдымен салықтық әкімшілендіру саласында. Мемлекеттік кірістер комитеті жасанды интеллекттің әлеуетін тиімді пайдалана отырып, мемлекеттік органдар арасында цифрландырудың көшбасшысына айналуы тиіс. Бұл жүйелі шаралар мемлекеттің бизнеске деген түбегейлі жаңа – сервистік қарым-қатынас моделін қалыптастыруға бағытталған», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.