Евразия24ЖаңалықтарТоқаевқа сот жүйесінің жеті айдағы қызметінің қорытындылары баяндалды

Тоқаевқа сот жүйесінің жеті айдағы қызметінің қорытындылары баяндалды

|

|

Астана. 25 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Соттың төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Кездесу барысында еліміздің сот жүйесінің 2025 жылғы жеті айдағы қызметінің негізгі нәтижелері баяндалды. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз қызметі дүйсенбі күні хабарлады.

Асламбек Мерғалиев азаматтық істерді баламалы тәсілдермен (медиация, бітімгершілік келісім, партисипативтік рәсімдер) шешу арқылы аяқтау көрсеткіші 24%-ға өсіп, 61 мыңнан 76 мың іске дейін артқанын мәлімдеді.

Мемлекеттік органдармен арадағы дауларда азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында қабылданған шаралар нәтижесінде 2,6 мың (57%) әкімшілік акт мен лауазымды тұлғалардың шешімдері заңсыз деп танылған.

Сонымен қатар, Жоғарғы Сот төрағасы қылмыстық процесте конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы есеп берді.

«Атап айтқанда, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы тергеу сотының санкция беруден бас тарту үлесі 23%-дан 37%-ға дейін өсті. Ал айыпталушыларды (жеке айыптау істерін есепке алмағанда) ақтау саны 59-дан 88-ге дейін артты», – делінген хабарламада.

2025 жылғы 1 шілдеден бастап жұмысын бастаған дербес кассациялық соттар алғашқы бір ай ішінде 5 мыңға жуық шағым мен наразылықты қарауға қабылдаған.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент Тоқаев сот жүйесіне деген сенімді арттыру және сот төрелігінің сапасын жақсарту бағытындағы жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...