Евразия24ЖаңалықтарТрамп 2025 жылы француз бұқаралық ақпарат құралдарында ең көп аталған тұлға атанды

Трамп 2025 жылы француз бұқаралық ақпарат құралдарында ең көп аталған тұлға атанды

|

|

Париж. 26 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – 2025 жылы АҚШ президенті Дональд Трамп француз бұқаралық ақпарат құралдарында ең көп назарға іліккен тұлға атанды. Бұл туралы жұма күні Ouest-France басылымы медиа мониторинг жүргізетін Tagaday платформасының деректеріне сілтеме жасап хабарлады.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, америкалық көшбасшының есімі француз БАҚ-та жарияланған және эфирге шыққан материалдарда шамамен 947 мың рет аталған.

Tagaday платформасы 2013 жылдан бері теледидар, радио, баспасөз және интернет-басылымдардағы жарияланымдарды есепке алып келеді. Осы уақыт аралығында аталым саны бойынша көш басында әдетте Франция президенті тұрған. Алайда 2025 жылы бұл үрдіс алғаш рет өзгерді. Франция президенті Эмманюэль Макрон екінші орынға жайғасып, оның есімі шамамен 671 мың материалда аталған.

Ең көп айтылған тұлғалардың алғашқы бестігіне сондай-ақ Францияның бұрынғы премьер-министрі Франсуа Байру, Ресей президенті Владимир Путин және Францияның экс ішкі істер министрі Брюно Ретайо енді.

Ал 2024 жылы аталым саны бойынша алғашқы бес орын мынадай ретпен бөлінген болатын: Эмманюэль Макрон, Францияның бұрынғы премьер-министрі Габриэль Атталь, Дональд Трамп, экс-премьер Мишель Барнье және АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден.

Спортшылар арасында 2025 жылы француз БАҚ-та ең жиі аталған тұлға – Франция ұлттық футбол құрамасының капитаны Килиан Мбаппе. Ол жалпы рейтингте 13-орынға ие болды.

Зерттеуде үздік жиырмалыққа небәрі екі әйел кіргені де атап өтіледі. Олар – Франциядағы оңшыл ұлттық бағыттағы «Ұлттық бірлік» партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі Марин Ле Пен (8-орын) және француз әншісі Santa (19-орын).

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...