Евразия24ЖаңалықтарТрамп «Антифа» қозғалысын террористік ұйым деп таныды

Трамп «Антифа» қозғалысын террористік ұйым деп таныды

|

|

 

Вашингтон, 23 қыркүйек. АҚШ Президенті Дональд Трамп «Антифа» қозғалысын ішкі террористік ұйым ретінде тану туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақ үй.

Құжатта «Антифа» АҚШ үкіметін, құқық қорғау органдарын және құқықтық жүйені құлатуға шақыратын, заңсыз әдістерді, соның ішінде зорлық-зомбылық пен терроризмді пайдаланатын «әскери сипаттағы анархистік ұйым» деп сипатталған.

Жарлыққа сәйкес, федералды билікке ұйымның қызметін, сондай-ақ оның қаржыландыру көздерін анықтап, тоқтату және жою міндеті жүктеледі.

Трамп өткен аптада-ақ «Антифаны» террористік ұйым деп жариялаған болатын.
«Мен АҚШ-тың көптеген патриоттарына қуанышты хабарды жеткізгім келеді: мен «Антифаны» ірі террористік ұйым деп жариялаймын», – деп жазды ол бейсенбі күні Truth Social әлеуметтік желісінде.

Сондай-ақ ол қозғалысты қаржыландыратын тұлғаларға қатысты жан-жақты тергеу жүргізуді ұсынғанын айтты.

Бұл шешімге АҚШ-тағы консервативті белсенді Чарли Кирктің даулы жағдайда қаза табуы алғышарт болған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...