Евразия24ЖаңалықтарТрамп ЕО-дағы Ресей активтеріне қатысты талқылауға араласпайтын болды

Трамп ЕО-дағы Ресей активтеріне қатысты талқылауға араласпайтын болды

|

|

Вашингтон. 27 қазан. ИНТЕРФАКС
АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропалық одақта Ресей активтерін Украина мүддесіне қолдану жөніндегі бастама талқыланып жатқанымен, бұл мәселеге АҚШ араласпайтынын мәлімдеді.

Президент журналистердің сұрағына жауап бере отырып: «Бұл жөнінде Еуропадан сұраңыздар. Біз бұл процеске қатысып отырған жоқпыз», — деді.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Еурокомиссия Брюссельдегі Euroclear депозитарийінде жатқан 170 млрд еуро көлеміндегі Ресей активтерін пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатқаны хабарланған. Соның 140 млрд еуросын Украинаға репарациялық несие ретінде бағыттау ұсынылған болатын.

Бұл жоспар Бельгияда алаңдаушылық тудырды. Ел премьер-министрі Барт де Вевер активтерді бұлай қолдану заңдық тұрғыдан тәркілеуге ұқсайтынын, сондықтан ел үшін үлкен тәуекел екенін айтып, ЕО-дан қосымша кепілдіктер сұрады.
Осыған байланысты Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен Брюссель саммитінен кейін: “ел басшылары бұл бастаманы іске асыру үшін әлі де нақтылауды қажет ететін тұстар бар екенін атап өтті”, — деп мәлімдеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...