Евразия24ЖаңалықтарТрамп ЕО-ны Қытай мен Үндістанға 100% кедендік баж енгізуге шақырды

Трамп ЕО-ны Қытай мен Үндістанға 100% кедендік баж енгізуге шақырды

|

|

Вашингтон. 10 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропалық одақты Қытай мен Үндістаннан жеткізілетін тауарларға 100 пайыздық кедендік тариф енгізуге шақырды. Бұл қадам Ресейге қысым көрсету және Украина төңірегіндегі дағдарысты жедел реттеу мақсатында ұсынылған. Бұл туралы Financial Times басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Басылым сұхбат алған шенеуніктердің айтуынша, Трамп бұл ұсынысты Вашингтонда АҚШ пен ЕО-ның жоғары лауазымды тұлғаларының кездесуінен кейін білдірген.

«Біз әрекет етуге дайынбыз, тіпті дәл қазір бастауға әзірміз. Алайда біз бұл қадамға тек еуропалық әріптестеріміз қолдау білдірген жағдайда ғана барамыз», – деген екен америкалық шенеуніктердің бірі.

Тағы бір дереккөздің айтуынша, Вашингтон Брюссель тарапынан Қытай мен Үндістанға қатысты енгізілетін кез келген тарифтік шараларды қолдауға әзір.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...