Евразия24ЖаңалықтарТрамп Эпштейн ісіне қатысты материалдарды жариялау арқылы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығармақ

Трамп Эпштейн ісіне қатысты материалдарды жариялау арқылы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығармақ

|

|

Вашингтон. 20 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ президенті Дональд Трамп Джеффри Эпштейн ісі бойынша алқабилер сотының бірқатар материалдарын жариялауды тапсырды. Алайда Politico басылымының жазуынша, бұл қадам Трамп пен Эпштейн арасындағы байланысты нақтыламауы мүмкін.

Заң бойынша, мұндай материалдарды жариялау үшін федералдық соттыңрұқсаты қажет. Бұл процеске бірнеше ай кетуі ықтимал. Басылымның мәліметінше, АҚШ Әділет министрлігі құжаттардағы жәбірленушілер мен жеке деректерді жасырын ұстау мақсатында оларды өңдеп жатыр.

Трамп мұндай тапсырманы The Wall Street Journal газетінің Эпштейн геқатысты мақаласынан кейін берді. Онда Трамп 2003 жылы Эпштейнге өзініңқолы қойылған әдепсіз сурет сыйлады делінген. Президент қорғаушылары бұл деректі жоққа шығарып, газетке жала жапты деп федералдық сотқа шағымданды.

Осыған байланысты Трамп бас прокурор Пэм Бондиге Эпштейн ісіне қатысты үлкен алқабилер мәліметтерін жариялау туралы тапсырма бергенін Truth Social желісінде растады.

«Бұл демократтардың ұйымдастырған жала науқаны. Мұны тоқтату керек«, – деді Трамп.

Айта кетейік, Джеффри Эпштейн 2019 жылы түрмеде өз-өзіне қол жұмсаған. Ол кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тартты деген айыппен қамауға алынған болатын. Эпштейн Трамппен, экс-президент Билл Клинтонмен және Ұлыбритания ханзадасы Эндрумен араласқан.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израиль әуе күштері Тегеранда ядролық зерттеу орталығына соққы жасады – ЦАХАЛ

Израиль әскери-әуе күштері сенбі күні Тегеран қаласындағы ядролық зерттеулер мен әзірлемелерге арналған стратегиялық нысанға соққы жасады.

Иран әскери операция басталғалы бері Израильге 400 баллистикалық зымыран ұшырған – ЦАХАЛ

Иран америкалық-израильдік әскери операция басталғалы бері Израиль аумағына 400 баллистикалық зымыран ұшырды, олардың 92%-ы атып түсірілген.

Иран Ормуз бұғазын тек өз қарсыластары үшін жапқанын мәлімдеді

Иран Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты толықтай тек елдің қарсыластарына қатысты кемелер үшін ғана шектегенін мәлімдеді.

Саудиялық әскерилер Ираннан ұшырылған зымыран мен бірнеше дронның атып түсірілгенін хабарлады

Сауд Арабиясы әуе қорғаныс күштері жексенбі күні таңертең Иран тарапынан ұшырылған бірнеше дрон мен бір зымыранды жойды, деп хабарлайды ЭФЭ агенттігі.