Евразия24ЖаңалықтарТрамп Газа секторына қатысты келісімнің жуырда жасалатынына сенімді

Трамп Газа секторына қатысты келісімнің жуырда жасалатынына сенімді

|

|

Вашингтон. 8 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен ХАМАС қозғалысы арасында Газа секторына және палестиналықтар тұтқындаған адамдарды босатуға қатысты келісім жуық арада жасалады деп санайды.

«Газа мәселесі бойынша біз жақын уақытта келісімге келеміз деп ойлаймын», – деді Трамп журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бұл жағдай – «өте күрделі түйткіл», алайда ол оны Таяу Шығыс, Израиль және бүкіл әлем үшін шешуге ниетті.

Бұған дейін ХАМАС қозғалысы соғысты тоқтату туралы нақты мәлімдеме, Израиль әскерінің Газа секторынан толық шығуы және аумақты басқару үшін тәуелсіз палестиналық комитет құру шарттарымен тұтқындарды босату жөнінде келіссөздер жүргізуге дайын екенін жариялаған болатын.

ХАМАС сондай-ақ АҚШ тарапынан атысты тоқтатуға бағытталған бірқатар ұсыныстар алғанын және бұл идеяларды өз талаптарына сай жан-жақты келісімге айналдыру мақсатында араағайындармен тұрақты байланыс орнатқанын хабарлады.

Жексенбі күні Трамп Truth Social желісінде Израиль АҚШ-тың қатысуымен тұтқындарды босату жөніндегі жаңа келісімді қабылдағанын жазды. Ол ХАМАС-ты да бұл бастаманы қолдауға шақырды.

«Израиль менің ұсынысымды қабылдады. Енді ХАМАС та келісуі керек. Мен оларды бас тартудың салдары туралы ескерттім. Бұл – соңғы ескерту, одан арғысы болмайды», – деді АҚШ президенті.

Қазіргі уақытта Израиль Газа қаласына бақылау орнату мақсатында әскери операция жүргізуге дайындық үстінде. Елде резервтегі әскери қызметшілерді жұмылдыру жарияланды. 8 қыркүйекте премьер-министр Биньямин Нетаньяху кеңсесі бұл жоспарларды ресми түрде растады. Дегенмен, бұл шешім Израильдің ішінде де, халықаралық деңгейде де сынға ұшырады.

2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС Израильге күтпеген шабуыл жасағаннан кейін, Израиль армиясы Газа секторында әскери операция бастады. Қазіргі таңда израильдік әскер аумақтың шамамен 75 пайызын бақылауына алған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...