Евразия24ЖаңалықтарТрамп Оңтүстік Кореямен сауда келісімінің жасалғанын хабарлады

Трамп Оңтүстік Кореямен сауда келісімінің жасалғанын хабарлады

|

|

ВАШИНГТОН. 31 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні АҚШ пен Оңтүстік Корея арасында сауда келісіміне қол жеткізілгенін мәлімдеді. Құжатқа сәйкес, оңтүстіккореялық тауарларға 15 пайыздық тариф енгізіледі.

«Біз Оңтүстік Корея үшін 15 пайыздық тариф мөлшерлемесі бойынша келісімге келдік. Америка тарапынан ешқандай тариф алынбайды», – деп жазды Трамп The Truth әлеуметтік желісінде.

Оның айтуынша, Сеул АҚШ-тан 100 миллиард доллар көлемінде энергия ресурстарын сатып алуға міндеттеліп отыр. Сонымен қатар, Оңтүстік Корея 350 миллиард доллар көлемінде инвестиция салуға уағдаласқан. Бұл инвестициялар АҚШ-қа тиесілі және президенттің тікелей шешімімен жүзеге асырылатын болады.

Трамп сондай-ақ Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Меннің тамыз айында Ақ үйге ресми сапармен келетінін хабарлады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...