Евразия24ЖаңалықтарТрамп пен Си Цзиньпин Пусандағы кездесуінде сауда және өзара сапар туралы келісті

Трамп пен Си Цзиньпин Пусандағы кездесуінде сауда және өзара сапар туралы келісті

|

|

Гонконг. 30 қазан. ИНТЕРФАКС – АҚШ Президенті Дональд Трамп Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен өткен келіссөздер нәтижесіне риза екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, келіссөздер барысында көптеген маңызды мәселелер бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілген.

«Біз бірқатар шешімдер қабылдадық. Көптеген мәселелер бойынша келісімге келдік», – деді Трамп АҚШ журналистеріне.

Атап айтқанда, тараптар сауда келісімі бойынша мәмілеге қол жеткізген.
«Бізде келісім бар. Енді оның шарттарын жыл сайын қайта қарап отырамыз. Бірақ меніңше, бұл келісім ұзақ мерзімді болады», – деді ол.

«Бұл келісім бір жылға есептелген. Бір жылдан кейін оны қайта ұзартамыз», – деді Трамп.

Сонымен қатар, ол екі ел басшыларының өзара сапарлар жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
«Мен сәуір айында Қытайға барамын», – деді АҚШ Президенті. Оның айтуынша, содан кейін Си Цзиньпин АҚШ-қа сапармен келеді.

Трамп Си Цзиньпинмен кездесу «керемет өткенін» айтты.
«Ол – аса қуатты мемлекеттің көрнекті көшбасшысы. Біз оның бұл кездесуге арнайы келгенін жоғары бағалаймыз», – деп түйіндеді америкалық көшбасшы.

Трамп пен Си Цзиньпин арасындағы келіссөздер Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтті. Кездесу 1 сағат 40 минутқа созылды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...