Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан мен Марокко арасында қылмыстық істер бойынша ынтымақтастықты нығайтатын келісімдер ратификацияланды

Қазақстан мен Марокко арасында қылмыстық істер бойынша ынтымақтастықты нығайтатын келісімдер ратификацияланды

|

|

АСТАНА. 30 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Бейсенбі күні өткен Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан мен Марокко арасында жасалған үш бірдей келісім – қылмыскерлерді экстрадициялау, сотталғандарды беру және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы заң жобалары мақұлданды.

Аталған құжаттар бұған дейін Мәжілісте қаралып, қабылданған болатын. Енді олар Парламенттің толық мақұлдауынан өтті және Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Сенатор Мұрат Қадырбектің айтуынша, экстрадициялау туралы келісім іздеуде жүрген тұлғаларды тараптардың сұрауы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе сот үкімін орындау үшін ұстап беруді қарастырады.

Құжатта экстрадициядан бас тартудың міндетті және қосымша негіздері де көрсетілген. Мысалы, егер құқықбұзушылық саяси сипатта болса, өлім жазасына әкелетін болса немесе ұлттық заңнама мен халықаралық міндеттемелерге қайшы келсе, экстрадиция берілмейді.

Сонымен қатар, екі ел өз азаматтарын басқа тарапқа тапсыруға міндетті емес екені де нақты жазылған.

Сенатордың пікірінше, бұл келісімдер Қазақстан мен Марокко аумағында жасырынған қылмыскерлерді жауапкершілікке тартуға жол ашады, Қазақстан азаматтарының Мароккодағы құқықтарын қорғауды күшейтеді, сондай-ақ қылмыстық істер саласындағы құқықтық базаны толықтырып, халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттырады.

Сотталғандарды беру туралы екінші келісім азаматтардың жазасын өз елінде өтеуіне мүмкіндік беріп, олардың оңалуы мен қоғамға бейімделуіне жағдай жасайды. Құжат бойынша, екі тарап бас бостандығынан айыру жазасына кесілген азаматтарын бір-біріне беруге міндеттенеді.

Мұндай берілім келесі шарттар орындалған жағдайда жүзеге асады: сотталған адам жаза өтейтін елдің азаматы болуы керек; сот үкімі заңды күшіне енген болуы шарт; тағайындалған жаза – бас бостандығынан айырумен немесе соған ұқсас шектеумен байланысты болуы тиіс; қылмыстық әрекет екі елдің де заңнамасы бойынша қылмыс деп танылуы керек; сондай-ақ сотталған адамның жазбаша келісімі қажет.

Егер сотталған адам үкім шығарған елдің азаматы болып шықса немесе үкім тараптардың бірінің заңымен күшін жойса, мұндай жағдайда беруден бас тартуға болады.

Үшінші келісім – қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы. Ол екі ел арасындағы тергеу мен қылмысты дәлелдеуге қажетті заңдық әрекеттерді жүргізуге жол ашады. Оған тергеу үшін уақытша ұстаудағы адамдарды беру, тінту, заңсыз жолмен табылған табыстарды тәркілеу, банк шоттарын анықтау, сараптама жүргізу, айғақтарды жинау мен тапсыру, куәгерлер мен жәбірленушілердің келуін қамтамасыз ету сияқты әрекеттер жатады.

Келісімде көмектен бас тартуға негіз болатын жағдайлар да нақты көрсетілген. Мысалы, сұранысты орындау елдің егемендігіне, қауіпсіздігіне немесе қоғамдық тәртібіне нұқсан келтірсе, ұлттық заңға немесе халықаралық нормаларға қайшы болса, немесе сұрау адамның нәсіліне, дініне, азаматтығына, саяси көзқарасына байланысты қудалауға ұласуы мүмкін.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Испания үкіметі премьер-министрдің жұбайына қатысты сот ісін қарау туралы шешімді сынға алды

Испания үкіметі ел премьер-министрі Педро Санчестің жұбайы Бегонья Гомеске қатысты айыптарды сотта қарау туралы судья Хуан Карлос Пейнадоның шешімін саяси астары бар деп санайды. Бұл туралы сенбі күні EFE агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Вэнс таяу күндері Иранмен келіссөздер жүргізу үшін Швейцарияға бармақ

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс таяу күндері Иранмен келіссөздер жүргізу үшін Швейцарияға баруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Мелони Трампқа Италияның ішкі саясатына араласпауға кеңес берді

Италия премьер-министрі Джорджа Мелони сенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамптың енді онымен достық қарым-қатынаста болмайтыны туралы мәлімдемесіне қатаң жауап берді. Бұл туралы италиялық БАҚ хабарлады.

Ормуз бұғазы арқылы кеме қозғалысы қалыпты режимде жалғасуда

АҚШ Қарулы күштерінің Таяу Шығыстағы Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) сенбі күні Ормуз бұғазы арқылы сауда кемелерінің қозғалысы қалыпты режимде жалғасып жатқанын мәлімдеді. Осылайша, америкалық тарап ирандық әскерилердің бұғаздың жабылғаны туралы хабарламасын жоққа шығарды.