Евразия24ЖаңалықтарТрамп Ресейге қатысты 100% көлеміндегі жанама баж салығын енгізетіні туралы ескертті

Трамп Ресейге қатысты 100% көлеміндегі жанама баж салығын енгізетіні туралы ескертті

|

|

Вашингтон, 14 шілде. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің Украина мәселесі бойынша ұстанымына көңілі толмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Ақ үйде НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен кездесу кезінде айтты.

Трамп журналисттердің сұрағына жауап бере отырып: «Біз қатты ренжіп отырмыз. Ресейге көңілім толмайды», – деді.

АҚШ басшысы Украинадағы дағдарыс жөніндегі әңгімені «басқа күнге» қалдыратынын айтып өтті. Алайда ол егер 50 күн ішінде бейбіт келісімге қол жеткізілмесе, Ресейге қатысты өте қатаң баж салығы енгізілетінін ескертті.

«Егер 50 күн ішінде мәмілеге қол жеткізілмесе өте қатаң тариф енгіземіз, Бұл – шамамен 100 пайыз көлеміндегі жанама тарифтер», – деп мәлімдеді АҚШ президенті.

АҚШ-тың НАТО жанындағы тұрақты өкілі Мэттью Уитакер кейінірек нақтылап өткендей, бұл екінші деңгейлі санкциялар, яғни Ресей мұнайын сатып алатын елдерге қарсы бағытталмақ.

«Екінші санкциялар ресейлік мұнайды импорттайтын мемлекеттерге баж салығын енгізуді көздейді», – деді ол Bloomberg агенттігіне берген түсініктемесінде.

Уитакердің айтуынша, мұндай елдердің қатарында Үндістан мен Қытай да бар.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...