Евразия24Еуразия патриоттарыАлмагүлдің жеңісі: сегіз жылдық еңбек жемісі

Алмагүлдің жеңісі: сегіз жылдық еңбек жемісі

|

|

Витебск қаласында өткен XXXIV Халықаралық өнер фестивалі аясындағы эстрадалық ән орындаушылардың «Витебск» халықаралық байқауында Қазақстан атынан қатысқан әнші Алмагүл Батталиева бас жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы «Минск-Новости» агенттігі хабарлады.

Байқауға 14 елден жас өнерпаздар қатысып, басты сыйлық үшін бақ сынасты. Қазылар алқасының шешімімен бірінші орын беларусьтік Валерия Бернатовичке бұйырды. Екінші орын Армениядан келген Давид Киракосянмен италиялық Доменико Барбераға бірдей берілсе, үшінші орын Ресей өкіліЭрик Ахметов пен Қырғызстаннан келген Рыскелді Старбековке тапсырылды.

Алмагүл Батталиева байқаудағы жеңісі туралы әсерімен бөлісіп, бұл сәттің өзі үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті.

Жеңіске жеткеніме әлі күнге дейін сене алар емеспін. Бұл мүсінді Қазақстанға алып кету – мен үшін зор құрмет. Осы байқауға қатысу үшін сегіз жыл бойы тынымсыз дайындалдым, ұлттық іріктеулерден өттім. Бізде бәсекелестік өте жоғары. Қазақ халқытабиғатынан әнге жақын, өнерге жаны құмар ел. Мұнда келген әрбір отандасымыз жүлдесіз қайтпаған. Сондықтан бұл жеңістің жөні бөлек”, – деді ол.

Евразия24 пікірі:

Посткеңестік кеңістіктегі жас өнерпаздардың шығармашылық әлеуетін дамытуда «Славян базары» фестивалінің рөлі ерекше. Бұл жөнінде ТМД елдері бас редакторлары клубының мүшесі, «Вечерний Минск» газетінің бас редакторы Юлия Денищик Eurasia.Expert порталына берген сұхбатында кеңінен тоқталды.

— Меніңше, «Славян базарының» ұраны — өнердің ұлттар арасындағы өзара түсіністік пен бірлікті нығайтудағы қуатты құрал екенін көрсететін терең мағыналы идея. Ол мәдени және тілдік тосқауылдарды еңсеруге, мемлекетаралық байланысты күшейтуге ықпал етеді. Әсіресе қазіргі жаһандық тұрақсыздық жағдайында бұл ұран бұрынғыдан бетер маңызды. Мұндай рух пен мазмұн 1992 жылы алғашқы фестивальден-ақ байқалды. Ол кезде Кеңес Одағы енді ғана ыдырап, әлем картасында жаңадан 15 мемлекет пайда болған еді, — деді Юлия Денищик.

Айта кетейік, «Славян базары» қатысушылары үшін әділ бағалау жүйесі — үлкен сахнаға жолдама іспетті. Мұны 2015 жылы байқаудың гран-при иегері атанған Димаш Құдайбергеннің шығармашылық жолынан да анық байқауға болады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Англия банкі базалық мөлшерлемені 3,75% деңгейінде қалдырды

Англия банкі базалық пайыздық мөлшерлемені жылдық 3,75% деңгейінде өзгертпеді. Бұл туралы Ұлыбританияның орталық банкі мәлімдеді.

Азия-Тынық мұхиты қор нарықтарындағы сауда әркелкі аяқталды

Бейсенбі күні Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор индекстері әр бағытта өзгерді. Нарық қатысушылары бір күн бұрын аяқталған АҚШ Федералдық резерв жүйесінің (ФРЖ) отырыс қорытындысына назар аударды.

Канада ЕО-мен стратегиялық ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі

Канада мен Еуропа стратегиялық маңызы бар салаларда күш біріктіру арқылы өз дербестігін нығайта алады. Бұл туралы Канада премьер-министрі Марк Карни бейсенбі күні мәлімдеді.

Аргентина табиғи ресурстарын заңсыз игерген шетелдік компанияларға санкция салмақ

Аргентина президенті Хавьер Милей «Ұлттық егемендікті қорғау туралы» заң жобасын Конгресс қарауына ұсынды. Құжатта елдің табиғи ресурстарын Аргентина билігінің рұқсатынсыз пайдаланатын шетелдік құрылымдарға санкция енгізу қарастырылған. Бұл туралы бейсенбі күні президент кеңсесі мәлімдеді.