Евразия24Саясат100 пайыздық баж салығы: Трамптың сөзі Brent бағасын құлдыратты

100 пайыздық баж салығы: Трамптың сөзі Brent бағасын құлдыратты

|

|

Газета.ru The New York Times-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды:
«Сарапшылар Трамптың Ресеймен сауда жасайтын елдерге 100 пайыздық баж салығын енгізу туралы мәлімдемесінің шынайылығына күмән келтіріп отыр». NYT жазғандай, Қытай мен Ресей арасындағы сауда көлемі жылына шамамен 250 млрд долларды құрайды, оның басым бөлігі мұнай импортына тиесілі. Мұндай шара АҚШ-ты Пекинмен тікелей қақтығысқа алып келуі мүмкін. Сарапшылар Трамптың Украинаға бола Қытаймен текетіресті қайтабастауға баратынына күмәнмен қарайды, деп жазады NYT.

Евразия24 пікірі:

Дональд Трамптың Украинада атысты тоқтату жөнінде 50 күн ішінде келісімге келінбесе, Ресей мен оның сауда серіктестеріне 100 пайыздық екінші деңгейлі импорттық баж салығын енгізу ниеті туралы айтқан мәлімдемесіне әлемдік нарықтар дереу әрі өткір реакция танытты.

2025 жылғы 15 шілдеде таңертең ICE Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері 2,08%-ға арзандап, барреліне 68,89 долларды құрады. Ал Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері 2,67%-ға төмендеп, барреліне 66,62 доллар болды.

Бұл жағдай Қазақстанға ауыр тиіп отыр – республикалық бюджетті жоспарлау кезінде мұнай бағасы барреліне 75 доллар деңгейінде есептелген.

АҚШ-тың саясаттанушысы, американист Рафаэль Ордуханян бұл жаңалыққа пікір білдіре отырып, былай деді: «Мұнда ең қорқыныштысы – мәлімдеменің өзі емес, оны Трамптың айтуы. Ол барған сайын шындықтан алшақтап кеткен Джо Байденге ұқсап бара жатыр»

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.