Лондон. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Ұлыбритания үкіметі Ресейге қарсы қолданылып жатқан санкциялық шектеулер аясында тағы 70 кемені қара тізімге қосты. Бұл туралы ел үкіметінің ресми хабарламасында айтылды.
«Ұлыбритания Ресей мұнайын экспорттауға тартылған “көлеңкелі флотқа” қарсы шараларын жалғастыруда. Бүгін біз қосымша 70 кемеге санкция саламыз», – делінген баспасөз хабарламасында.
Ресми мәліметке сәйкес, Ұлыбритания қазіргі уақытта Ресейге тиесілі немесе онымен байланысты танкерлерге санкция енгізу бойынша басқа елдердің барлығынан асып түсті.