Евразия24ЖаңалықтарВенесуэла қауіпсіздік саласындағы тәжірибесімен көршілес елдермен бөлісуге дайын

Венесуэла қауіпсіздік саласындағы тәжірибесімен көршілес елдермен бөлісуге дайын

|

|

Мадрид. 6 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Венесуэла президенті Николас Мадуро аймақтағы қылмыстық топтарға қарсы күрес жүргізу мақсатында көршілес мемлекеттерге азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен операциялар өткізуге ұсыныс жасады.

«Венесуэла жоғары деңгейде даярлықтан өткен кәсіби полиция жүйесін құрды. Бұл – басқа елдерге үлгі бола алатын тәжірибе. Қалаған жағдайда, көршілес мемлекеттер осы құрылыммен бірлескен операциялар мен ақпарат алмасу жөнінде келісімдер жасай алады», – деді Мадуро ЭФЭ агенттігіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Венесуэлада «Трен-де-Арагуа» және «Трен-де-Льяно» топтары, сондай-ақ АҚШ террористік ұйымдар тізіміне енгізген қылмыстық беделдер Вилексис Асеведо мен Карлос Реветтені қоса алғанда, барлық ірі қылмыстық ұйымдардың жолы кесілген.

«Біз Венесуэланы заңның күшімен азат еттік. Бұл – қылмыстық топтармен, халықаралық ұйымдасқан қылмыспен және есірткі айналымымен күрестегі үлкен жетістік», – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израиль әуе күштері Тегеранда ядролық зерттеу орталығына соққы жасады – ЦАХАЛ

Израиль әскери-әуе күштері сенбі күні Тегеран қаласындағы ядролық зерттеулер мен әзірлемелерге арналған стратегиялық нысанға соққы жасады.

Иран әскери операция басталғалы бері Израильге 400 баллистикалық зымыран ұшырған – ЦАХАЛ

Иран америкалық-израильдік әскери операция басталғалы бері Израиль аумағына 400 баллистикалық зымыран ұшырды, олардың 92%-ы атып түсірілген.

Иран Ормуз бұғазын тек өз қарсыластары үшін жапқанын мәлімдеді

Иран Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты толықтай тек елдің қарсыластарына қатысты кемелер үшін ғана шектегенін мәлімдеді.

Саудиялық әскерилер Ираннан ұшырылған зымыран мен бірнеше дронның атып түсірілгенін хабарлады

Сауд Арабиясы әуе қорғаныс күштері жексенбі күні таңертең Иран тарапынан ұшырылған бірнеше дрон мен бір зымыранды жойды, деп хабарлайды ЭФЭ агенттігі.