Евразия24ЖаңалықтарВенгрия Сыртқы істер министрі Трамп пен Путиннің ықтимал саммитіне дайындықты Лавровпен талқылағанын...

Венгрия Сыртқы істер министрі Трамп пен Путиннің ықтимал саммитіне дайындықты Лавровпен талқылағанын хабарлады

|

|

Берлин. 17 қазан. ИНТЕРФАКС – Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан жұма күні Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

«Орбан жұма күні Путинмен сөйлесетінін айтты», – делінген хабарламада.

Бұл ретте, Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто жұма күні өзінің ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландаумен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады.

«Кеше кешке Ландау және Лавровпен телефон арқылы сөйлестім. Біз саммитке дайындықты бастап кеттік», – деп жазды Сийярто Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында (Facebook – Ресейде тыйым салынған, оны бақылайтын Meta компаниясы экстремистік деп танылған).

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлескен болатын. Трамп келіссөздерден кейін алдағы аптада қос ел жоғары деңгейде келіссөз өткізетінін, оның артынан Будапештте екі ел басшыларының кездесуі болатынын мәлімдеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...