Евразия24ЖаңалықтарТүркия Сирияға қорғаныс техникаларын, ПВО жүйелері, дрондар мен артиллерия жеткізуді жоспарлап отыр

Түркия Сирияға қорғаныс техникаларын, ПВО жүйелері, дрондар мен артиллерия жеткізуді жоспарлап отыр

|

|

Ыстамбұл. 17 қазан. ИНТЕРФАКС – Түркия Сирия армиясына әртүрлі әскери техника жеткізуді көздеп отыр, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

«Түркияның ресми тұлғалары Сирияға әскери техника жеткізіліп, сонымен қатар, Түркияға шекаралас сириялық аумақта күрд жасақтарына қарсы соққы жасауға мүмкіндік беретін келісім жасалатынын айтты. Ақпарат көздерінің айтуынша, жеткізілетін қару-жарақтың қатарында бронетехникалар, дрондар, артиллерия, зымырандар мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері бар», – делінген агенттік хабарламасында.

Қару-жарақ Израильдің Сирияның оңтүстік-батысында орналасқан позицияларына қауіп төндірмес үшін елдің солтүстігіне орналастырылады.

Сонымен қатар, Анкара мен Дамаск 1998 жылғы келісімді жаңартуды талқылап жатыр. Түркия бұл келісімге сәйкес, егер күрд күштері елге қауіп төндірсе, Сирия шекарасына жақын аумақта оларға соққы беруге құқылы деп санайды. Бұған дейін бұл әрекеттерге Сирияға 5 км тереңдікке дейін кіруге рұқсат берілген болатын, алайда дереккөздер қазіргі таңда бұл шекті 30 км-ге дейін ұлғайту мәселесі қаралып жатқанын хабарлады.

Bloomberg мәліметіне сәйкес, Сирияның солтүстік-шығысындағы Түркиямен шекаралас аймақтарды күрдтер басқаратын Сириялық демократиялық күштер (СДК) бақылауда ұстап отыр. Бұл күштердің негізгі бөлігі – Халықтық өзін-өзі қорғау жасақтары – Түркияда лаңкестік ұйым ретінде танылған Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысы бар деп есептеледі.

2024 жылдың мамыр айында КЖП өз қызметін тоқтату туралы шешім қабылдағанын жариялады. «КЖП-ның 12-съезі ұйымдық құрылымдарды тарату және қарулы күресті тоқтату туралы шешім қабылдады», – деп хабарлады күрд партиясы. Оған дейін, 10 наурызда Дамаскіде Сирияның өтпелі кезең президенті Ахмед аш-Шараа мен СДК қолбасшысы Мазлум Абди Сирияның солтүстік-шығысындағы күрд автономиясының барлық азаматтық және әскери құрылымдарын мемлекеттік мекемелерге біріктіру жөнінде келісімге қол қойған. Алайда, түрік БАҚ-тарының жазуынша, содан бері бұл бағытта нақты қадамдар жасала қойған жоқ.

Сонымен қатар, «Хюрриет» газетінің хабарлауынша, 17 қазанда Түркия Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды делегациясы Дамаскіге сапармен барып, Сирия Қорғаныс министрі Мурхеф Абу Касрамен қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөнінде келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ, 10 наурыздағы СДК-ны Сирия армиясының құрамына интеграциялау жөніндегі келісімнің перспективалары талқыланды.

Бұған дейін, Анкара мен Дамаск Түркия нұсқаушыларымен Сирия әскерін даярлау және оған әскери жабдықтар жеткізу жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.