Евразия24ЖаңалықтарВенгрия үкіметі 2025 жылға арналған ЖІӨ өсімі жөніндегі болжамын 2,5%-дан 1%-ға дейін...

Венгрия үкіметі 2025 жылға арналған ЖІӨ өсімі жөніндегі болжамын 2,5%-дан 1%-ға дейін төмендетті

|

|

Будапешт. 29 шілде. ИНТЕРФАКС – Венгрия үкіметі 2025 жылы ел экономикасының өсімі бойынша бұрын болжанған 2,5% көрсеткішін қайта қарап, 1%-ға дейін төмендетті. Бұл туралы елдің экономика министрі Мартон Надь мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бірінші тоқсанда елдің ішкі жалпы өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өзгеріссіз қалды. Ал екінші тоқсанда да стагнация жалғасуы мүмкін. Бұған ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптегі әлсіз көрсеткіштер әсер етіп отыр.

«Тоқсандық көрсеткіштер бойынша өсім болуы мүмкін, алайда жылдық есепте экономиканың тоқырауы байқалады. Ауыл шаруашылығы саласы ЖІӨ өсіміне 0,3–0,4 пайыздық пункт теріс әсер етеді», – деді министр.

Венгрияның Ұлттық банкі биылғы ЖІӨ өсімін 0,8% деңгейінде болжауда, ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) – 0,9%. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Экономикалық өсімнің баяулауына қарамастан, министр бюджетке түзету енгізудің қажеті жоқ екенін атап өтті. Себебі салық түсімдері жоспарға сай жүріп жатыр, ал үкімет биылғы жылы шығыстардың бір бөлігін алдын ала шектеген болатын.

Билік өкілдері 2025 жылы бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің 4,1%-на дейін төмендетуді көздеп отыр. Бұл көрсеткіш 2024 жылы 4,9% деңгейінде болған. Сонымен қатар, мемлекеттік қарыз көлемі 2025–2026 жылдары шамамен 74% деңгейінде сақталады деп болжануда.

Министрдің айтуынша, үкімет 2026 жылы да бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің 4%-нан төмен деңгейде ұстап тұруға ниетті. Ал сол кезеңдегі экономикалық өсім 3,1% болады деп күтілуде, бұл – бұрынғы 4,1% болжамынан төмен.

Венгрияның 2025 жылғы екінші тоқсандағы ЖІӨ көрсеткіштері 30 шілдеде жарияланады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...