Евразия24ЖаңалықтарЕО мен АҚШ арасындағы $750 млрд көлеміндегі энергия ресурстарын сатып алу келісімін...

ЕО мен АҚШ арасындағы $750 млрд көлеміндегі энергия ресурстарын сатып алу келісімін жүзеге асыру іс жүзінде мүмкін емес

|

|

Брюссель, 29 шілде. ИНТЕРФАКС – Еуропалық Одақ пен АҚШ арасындағы энергия ресурстарын сатып алу жөніндегі 750 миллиард долларлық келісім нақты жағдайда жүзеге асуы екіталай. Бұл туралы Politico порталы жазады.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен өткен жексенбіде осы мәміле туралы келіскен. Алайда, басылым мәліметінше, Брюссель тарапынан келісімнің орындалу тетіктері жөнінде нақты ақпарат әзірге ұсынылмаған.

Politico жариялаған сарапшылар пікіріне сүйенсек, ЕО-ның қазіргі құқықтық өкілеттіктері, техникалық шектеулер және АҚШ-тан жеткізілімдердің шектеулілігі бұл жоспардың іске асуын қиындатады. Олар келісімде көрсетілген сандарды «шындықтан алшақ» деп бағалап отыр.

Мәселен, 2024 жылы ЕО энергия ресурстарын импорттауға жалпы 375 млрд еуро жұмсаған, оның тек 76 млрд еуросы ғана АҚШ-тан келген жеткізілімдерге тиесілі. Яғни, келісімге сай көрсеткіштерге жету үшін Еуропа басқа жеткізушілерден, атап айтқанда логистика жағынан тиімді саналатын Норвегиядан келетін газдан бас тартуы мүмкін.

АҚШ-тың мұнай мен газ экспортының жалпы көлемі 2024 жылы $166 млрд деңгейінде болды. Ал Politico дерегі бойынша, ЕО АҚШ-тан жалпы тұтынатын мұнай және отын көлемінің тек 12%-ын ғана алады.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай көлемдегі энергияны өңдеуге Еуропадағы мұнай өңдеу зауыттарының қуаттылығы жеткіліксіз. Бұл да мәміленің іске асуына кедергі келтіретін негізгі техникалық факторлардың бірі.

Осыған қарамастан, Еурокомиссияның сауда жөніндегі өкілі Марош Шефчович ЕО бұл сатып алуға дайын екенін мәлімдеп, $750 млрд көрсеткіші қолжетімді деп санайтынын айтты. Оның пікірінше, бұл қадам Еуроодақтың Ресейден келетін мұнай мен сұйытылған газды өзге жеткізушілер өнімімен алмастыру стратегиясына сай келеді.

Жексенбіде Трамп пен фон дер Ляйен ЕО-дан АҚШ-қа экспортталатын тауарларға 15% мөлшерлемемен баж салығын енгізу туралы келісімге қол жеткізгендерін хабарлады. Сондай-ақ, келісімде кейбір тауарлар үшін «нөлдік баж» қарастырылған. Сонымен бірге, құжат АҚШ-тан $750 млрд энергия ресурстарын және $600 млрд көлемінде қару-жарақ сатып алуды көздейді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.