Евразия24ЖаңалықтарВэнс Украинадағы мәселелердің екі тараппен де ашық талқылануын оң нәтиже деп атады

Вэнс Украинадағы мәселелердің екі тараппен де ашық талқылануын оң нәтиже деп атады

|

|

Вашингтон. 22 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – Вашингтонда Украинадағы қақтығысқа қатысушы тараптардың ұстанымдары айқындала түскенін маңызды жетістік ретінде бағалап отыр. Бұл туралы АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Unherd басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Қазіргі кезде барлық негізгі мәселелер ашық түрде талқыланып жатыр. Менің ойымша, осының өзі маңызды нәтиже», – деді ол.

Вэнстің айтуынша, бастапқы кезеңде келіссөздер барысында бірқатар мәселелер тікелей емес, жанама түрде көтерілген. Қазір АҚШ қай тақырыптардың талқылауға жататынын, ал қайсысының келіссөздер шеңберінен тыс қалатынын нақты түсініп отыр.

Украинадағы жағдайды реттеуге кедергі болып отырған негізгі тарап қайсы деген сұраққа вице-президент қиындықтар барлық тараптармен – Украинамен де, Ресеймен де, сондай-ақ еуропалық елдермен де бар екенін айтты.

Оның сөзінше, ең күрделі мәселе Донбасс аумағын бақылауға қатысты. Сонымен қатар Запорожье атом электр станциясының тағдыры мен Украинаны қалпына келтіру мәселелері де күн тәртібінде қалып отыр. Вэнс украиналық келіссөз жүргізушілердің жеке әңгімелерде Донбасстағы аумақтарды әскери жолмен ұстап тұру мүмкін еместігін мойындайтынын да атап өтті.

«Соңғы айларда келіссөздерге қатысқан тараптардың барлығы, кем дегенде, адал ниет танытты деп есептеймін», – деді АҚШ вице-президенті.

Ол бейбіт реттеуге үміт бар екенін жеткізді, алайда мұндай нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмай қалуы ықтимал екенін де жоққа шығармады.

«Белгілі бір нәтижелер бар. Бірақ бүгінгі жағдайда толық сеніммен бейбіт келісімге қол жеткізіледі деп айту қиын. Мұндай мүмкіндік бар, сонымен бірге керісінше даму ықтималдығы да сақталып отыр», – деп қорытындылады Джей Ди Вэнс.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...