Евразия24ЖаңалықтарЖаслан Мәдиев Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды

Жаслан Мәдиев Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды

|

|

Астана, 29 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мадиев Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

«Мадиев Жаслан Хасенұлын Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындау туралы» Жарлыққа Президент қол қойды», – делінген құжатта.

Бұған дейін, қыркүйек айының басында Мемлекет басшысы Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

42 жастағы Жаслан Мадиев 2024 жылғы мамыр айынан бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарған. Жаңа ведомство дәл осы министрліктің негізінде құрылған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...