Арал қайта жанданды

|

|

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлайды: «Алдағы 4–5 жыл ішінде Солтүстік Арал теңізінің көлемін 34 км³-ке дейін, ал аумағын 3 913 км²-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Президенттің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын орындау аясында теңізді сақтау жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов баяндады. Оның айтуынша, су аз кезеңдерде де тұрақты су ағынын қамтамасыз ету мақсатында Өзбекстанмен тиісті келісімге қол қойылған. Соның нәтижесінде Солтүстік Арал теңізінің су көлемі 2023 жылдың басындағы 18,4 млрд текше метрден қазіргі уақытта 23 млрд текше метрге дейін артты. Қазіргі таңда теңізді сақтау жобасының екінші кезеңін әзірлеу аяқталу сатысында тұр. Бұл кезең Көкарал бөгетін қайта жаңғыртуды және су деңгейін 44 метрге дейін көтеруді қамтиды. Сонымен қатар ирригациялық жүйелерді жаңғырту жұмыстары қатар жүргізілуде. Түркістан және Қызылорда облыстарында жалпы саны 167 жоба әзірленіп жатыр. Су үнемдеу технологияларын 143,1 мың гектар аумақта енгізу нәтижесінде шамамен 500 млн текше метр су үнемделді. Солтүстік Арал теңізін сақтау және қалпына келтіру біз үшін тек экологиялық қана емес, сондай-ақ әлеуметтік және стратегиялық маңызы бар міндет болып қала береді. Үнемделген су ресурстарының бір бөлігін экожүйелерді қолдауға бағыттау — өңірдің тұрақтылығына, халық денсаулығына және келер ұрпақтың болашағына қосылған үлес», — деп атап өтті министр.

 

Евразия24 пікірі:

Көптеген ұлттық жобалардан айырмашылығы, Солтүстік Аралға қатысты жағдай уәделермен емес, нақты физикалық көрсеткіштермен бағаланады: егер су қайта оралса, демек, жұмыс шынымен жүргізіліп жатыр. Бұдан 15–20 жыл бұрын Аралды қалпына келтіру мүмкін емес деп саналды. Халықаралық конференциялар тұрақты түрде өтіп тұрғанымен құрғап бара жатқан теңіз мемлекеттердің экологиялық әлсіздігінің символы болып қала берді. Соған қарамастан, Қазақстан бұл мәселеден бас тартқан жоқ және артық даңғазаға салынбай, жүйелі түрде Солтүстік Аралды қайта қалпына келтіруде. Қазіргі таңда теңізде кәсіптік және жағалаулық балық аулау қайта жанданды. Биологиялық әртүрлілікті кеңейту — алдағы кезеңнің міндеті. Ал бүгінгі таңда мемлекетте бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруға нақты дәлелі бар. Солтүстік Аралды сақтау мен қалпына келтіруді Қазақстанның ең нанымды әрі нәтижесі айқын мемлекеттік экологиялық саясатының үлгісі деп атауға толық негіз бар.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Азық-түлік бағасы төмендеді

Сауда және интеграция министрлігінің уәжіне сүйенсек, бағаның оң серпініне ықпал еткен негізгі факторлардың бірі – баға белгілеуді әкімшілік жолмен бақылау. Бұған сауда үстемесінің белгіленген шекті мөлшерінің сақталуын қадағалау, сондай-ақ жеткізу тізбегіндегі делдалдар санын қысқарту жатады.

Балабақшадан тараған ең мейірімді тренд

«Астанадағы балабақшалардың бірінде тәрбиешілер күннің соңында бүлдіршіндердің шашын түрлі күлкілі үлгіде сәндеп, ата-аналарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Күтпеген тосынсый аналар мен әкелердің жүздеріне күлкі үйіріп, видео әлеуметтік желілерде тез тарады. Қолданушылар дәл осындай қарапайым әрі шынайы сәттер балалық шақты бақытты ететінін жазуда», – деп хабарлайды kztodaynews .

Көші-қон саясаты: білікті мамандарға басымдық

Еңбек министрлігі іске асырып жатқан Көші-қон саясатының тұжырымдамасы маңызды бастама деуге болады. Себебі мемлекет көші-қонды енді тек әлеуметтік мәселе ретінде ғана емес, экономикалық дамудың да тиімді тетігі ретінде қарастыра бастады.

ҚНРДА несиелеу жүйесін жаңартып, халықтың борыштық жүктемесін азайтуды көздейді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) тәуекелге бағдарланған мінез-құлықтық қадағалау мен қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін іске қосатын ауқымды заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер пакетін бекітті. Бұл өзгерістер қаржы ұйымдарын тек формальды талаптардың орындалуы тұрғысынан бақылаудан бас тартып, азаматтарды қаржы өнімдерінің бүкіл өмірлік циклі бойында алдын ала қорғауға бағытталған жаңа тәсілге көшуді көздейді. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап толық күшіне енетін жаңа талаптар банк секторының жұмыс қағидаттарын түбегейлі өзгертуді мақсат етеді. Мұндай қадам халықтың қарыз жүктемесі тарихи ең жоғары деңгейге жеткен кезеңде қабылданып отыр. Ел тарихында алғаш рет жеке тұлғалардың берешегі нақты экономика секторына берілген кредиттердің жалпы көлемінен 1,5 есе асып түсті.