Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссияға жаңа Конституция жобасына қатысты сарапшылар мен...

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссияға жаңа Конституция жобасына қатысты сарапшылар мен азаматтардан келіп түскен барлық ұсынысты мұқият талдауды тапсырды

|

|

Астана, 6 ақпан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Мемлекет басшысы жұма күні Конституциялық комиссия басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге комиссия төрағасы Эльвира Азимова, оның орынбасары Ерлан Карин және комиссия мүшесі Ержан Жиенбаев қатысты.

Комиссия төрағасы Эльвира Азимованың мәліметінше, eGov және e-Otinish порталдарында бүкілхалықтық талқылауға шығарылған жаңа Конституция жобасына тұрғындар тарапынан 4 мыңнан астам пікір мен ұсыныс түскен.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия жұмысы ашық форматта жалғасуы тиіс екенін атап өтті. Бұл азаматтардың Конституция жобасын талқылау барысынан хабардар болып, құжаттың мазмұнымен тереңірек танысуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы сарапшылар қауымдастығы мен қоғам өкілдерінен келіп жатқан барлық ұсынысты бұрынғыдай жан-жақты әрі байыпты түрде зерделеуді тапсырды.

Эльвира Азимова комиссия мүшелері Конституцияның жекелеген баптары мен тармақтарының редакциялары бойынша жұмысты жалғастыратынын жеткізді. Алдағы отырыстар 7 ақпанда және келесі аптада өтеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының алғашқы жобасын әзірледі. Құжат кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады. Жоба мәтіні мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында және Конституциялық соттың ресми сайтында жарияланып, бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп Вашингтонда салтанатты арканы ұшқышсыз ұшу аппараттары мен снайперлерді орналастыру үшін пайдалануды жоспарлап отыр

Вашингтонда салынуы жоспарланып отырған салтанатты аркада әскери мақсаттағы жабдықтар орнатылады, деп мәлімдеді жексенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамп.

Чилидің экс-президенті Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күрестен бас тартады

Чилидің бұрынғы президенті Мишель Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күресті тоқтататынын мәлімдеді.

Трамп ЖИ бойынша арнайы құрылымдар құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл саланың одан әрі дамуына қатысты мәселелерді шешуге қатысу үшін «жасанды интеллект күштерін» — арнайы құрылым құратынын мәлімдеді.

КХДР шығыс бағытта тағы бір зымыран ұшырды

Оңтүстік Корея әскери қолбасшылығының деректеріне сілтеме жасай отырып «Ренхап» агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні КХДР армиясы Жапон теңізі бағытында тағы бір зымыран ұшырды.