Евразия24Басты бетОрталық банктер, алтын және фиаттық валюталардың болашағы

Орталық банктер, алтын және фиаттық валюталардың болашағы

|

|

Алтын 2026 жылға бір унциясына (шамамен 31,1 г) 4330 АҚШ доллары деңгейінде кірді. Одан кейін баға күрт өсіп, 5600 долларға дейін жетті, ал артынша кем түспейтіндей әсерлі төмендеу байқалып, 4400 долларға дейін құлдырады. Кейін бағалы металл 4800–4900 доллар аралығындағы дәлізде тұрақтады. «Қағаз күміс» нарығында құлдырау одан да айқын болды. Объективті экономикалық заңдарға қарсы әрекет ететін ықпалды күштер бар, алайда олардың мүмкіндіктері жүйелі түрде шектеулі. Логикаға сай, фиаттық/декреттік (ешбір нақты активпен қамтамасыз етілмеген) ақшаларға негізделген ескі қаржылық модель осылайша әлсіреп, өз кезеңін аяқтауы тиіс. Оның орнын, тарихта мұндай айналымдар кезінде әрдайым болғандай, тауарлық, яғни қамтамасыз етілген ақша жүйесі басады.

Орталық банктер алтынды белсенді түрде сатып алуды жалғастырып отыр. Дүниежүзілік алтын кеңесінің (World Gold Council – WGC) деректері бойынша, 2025 жылы олар жалпы көлемі 863,3 тонна алтын сатып алған. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 21 пайызға төмен болғанымен, ақшалай мәнде жоғары болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 57 тонна алтын сатып алып, құрметті екінші орынды иеленді. Көшбасшы ретінде Польшаның Ұлттық банкі танылды — 102 тонна. Ал «қола жүлде» 43 тонна көрсеткішпен Бразилияның Орталық банкіне бұйырды.

Қазіргі кезеңде саяси элиталар да, орталық банктер де тауарлық ақшаға қайта көшуді қаламайды.  Себебі мұндай ақшаны басып шығару мүмкін емес, оны еңбекпен табу қажет. Алайда соған қарамастан, өткен жылы орталық банктер жалпы тұтыну көлемі 5002 тоннаны құраған алтынның елеулі бөлігін сатып алды.

Теориялық тұрғыдан алғанда, тауарлық ақшаға қайта көшу 2009 жылы, 2007–2008 жылдардағы жаһандық қаржы дағдарысынан кейін мүмкін болатын. Ол кезеңде жаппай банкроттықтар арқылы қаржы жүйесін қайта теңгеру және «күшті» доллар моделіне оралу немесе алтын стандартының түрлі нұсқаларын енгізу секілді түрлі нұсқаларнен қарастырылған еді.

Қаржы жүйесін басқарушы негізгі орталықтар балама шешімге жүгінді: АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі мен басқа да батыс елдерінің орталық банктері экономиканы мол көлемде қосымша өтімділікпен қамтамасыз етті. Ақша массасының күрт ұлғаюы мен инфляцияның өсуі бірден қатар жүрмейтіндіктен, фиаттық валюталарға деген сенімді белгілі бір деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік туды. Алайда бұл жүйенің әлсіз тұстары өздеріне жақсы мәлім. Сол себепті 2020-жылдар бойы олар қаржылық тәуекелден қорғану әрі төтенше жағдайда есеп айырысу құралы ретінде нақты, физикалық алтын қорын жүйелі түрде ұлғайтып келеді.

Сандық жұмсарту арқылы кейінге шегерілген жүйелік дағдарыс шешілген жоқ, керісінше қаржы жүйесінің күйреу қаупі әлдеқайда күшейе түсті. Осы жағдай бұрын қолданылған қосымша өтімділік құю тәсілдерін қайта пайдалануға мүмкіндік бермейді, өйткені олар тұрақтылық әкелудің орнына дағдарыстың өршуіне себеп болады.

Әлемде жиналған қарыздарды қалыпты жолмен өтеу мүмкін емес. Сондықтан билік «инфляция – жоғары инфляция – шектен тыс инфляция» бағытын ұстанып отыр. Бұл — биліктің әрекет ету ауқымы. Ал егер осы үдеріс ары қарай жалғаса берсе әлемдік қаржы жүйесінің күйреуі және қамтамасыз етілген ақшаға қайта оралу үдерісі басталады.

Қазіргі фиаттық ақша моделінің өзегі — АҚШ доллары. Триллиондаған көлемдегі ақша құю аясында оның сатып алу қабілетінің төмендеуі әлем халқының экономикалық мінез-құлқына тікелей ықпал етіп отыр.

Ресейлік экономист әрі қаржы кеңесшісі Александр Лежава 2007 жылы Ресей Федерациясы халқының 0,5 пайызынан азы ғана алтынды жинақ сақтаудың ықтимал құралы ретінде қарастырғанын атап өтеді. Ал 2023 жылы мұндай көзқарасты ұстанатындар шамамен 15 пайызға жетіп, бұл көрсеткіш 30 есе артқан.

Азияға келсек, бұл өңірде алтын мен күміс дәстүрлі түрде құндылық, байлық ретінде қабылданып келеді (тауарлық ақшаның негізгі қызметтерінің бірі). Сондықтан COMEX алаңында «қағаз» алтын мен күміске қатысты операциялардан кейін бағалы металдардың бағасын айқындау Шанхай тауар биржасына ауысып отыр.

Шанхайда күміс бойынша әрбір келісімшарт нақты физикалық жеткізілімді көздейді. Сондықтан Нью-Йорктегі COMEX биржасында «қағаз» күмістің бір унциясының бағасы 40 пайызға құлдыраған кезде, Шанхайдағы физикалық күмістің бағасы айтарлықтай өзгерген жоқ. Өйткені АҚШ-тағы биржада әңгіме негізінен бағалы қағаздар туралы болса, Қытайдағы алаңда нақты бағалы металдар саудасы жүргізіледі. Осылайша бұл екі нарық бір-бірінен барған сайын алшақтап, әртүрлі экономикалық кеңістіктерде дамып келеді.

Тауарлық ақшаға көшу саяси элиталар мен орталық банктер үшін ережелердің түбегейлі өзгеруін білдіреді. Ақшаны шығару мүмкіндігі болмаған жағдайда, экономикалық тұрғыдан негізсіз кез келген бастама қаржылық тұрақсыздыққа алып келеді.

Ескі қаржы жүйесі өз жұмысын жалғастыруға ұмтылуда. Осыған байланысты Дональд Трамп әкімшілігі тарифтік саясат, әскери бастамалар, стейблкоиндер және халықаралық келісімдер саласында бірқатар шараларды іске асырып отыр. Қаржы жүйесіне ықпал ететін топтар АҚШ-тың 47-президентінен нақты қадамдар күтті, және ол осы бағытта әрекет етуде. Сонымен бірге фиаттық валюталарға, әсіресе АҚШ долларына қатысты объективті экономикалық заңдылықтар бар екенін ескеру қажет.

Бұл заңдылықтар физика заңдарына толық ұқсас болмаса да, олардың әсері айтарлықтай күшті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Азия нарығы дүйсенбі күні айтарлықтай өсім көрсетті

Азия–Тынық мұхиты өңіріндегі қор индекстері аптаны сенімді өсіммен бастады. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Жапонияның премьер-министрі Санаэ Такаити басқаратын Либералды-демократиялық партиясы (ЛДП) ел парламентінің төменгі палатасына өткен сайлауда жеңіске жетіп, 465 орынның 316-сын иеленді. Оның коалициялық серіктесі — Инновациялар партиясы тағы 36 мандат алды.

Тайвань экспорты қаңтарда жылдық есепте 70%-ға жуық өсіп көрсетіп, рекорд орнатты

Тайвань қаңтар айында экспорт көлемін жылдық есепте 69,9%-ға арттырып, 65,77 млрд АҚШ долларына жеткізді. Бұл туралы елдің Қаржы министрлігі хабарлады.

Касивадзаки–Карива АЭС-індегі реактор Жапонияда қайта іске қосылды

Tokyo Electric Power Company (TEPCO) дүйсенбі күні қаңтар айындағы сәтсіз іске қосу әрекетінен кейін әлемдегі ең ірі Касивадзаки–Карива атом электр станциясындағы реакторды қайта іске қосты.

Қазақстан Президенті Sunwah Group басшысымен жасанды интеллект және өзге де салалардағы инвестициялық ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан жасанды интеллект (ЖИ) саласында Қытаймен практикалық өзара іс-қимылды нығайтуға мүдделі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Sunwah Group корпорациясының төрағасы Цай Гуаньшэньмен кездесуі қорытындысы бойынша Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.