Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан шетелдік радиоактивті қалдықтарды әкелуге тыйым салмақ

Қазақстан шетелдік радиоактивті қалдықтарды әкелуге тыйым салмақ

|

|

Астана. 13 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күнгі жалпы отырыста «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленген және радиоактивті қалдықтар саласындағы мемлекеттік реттеудің біртұтас жүйесін қалыптастыруға, сондай-ақ халық пен қоршаған ортаны радиациялық әсерден ұзақ мерзімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Ол қазіргі заңнамада радиоактивті қалдықтарға қатысты жекелеген нормалар болғанымен, олардың әртүрлі заңдарда шашыраңқы орналасқанын және бірыңғай құқықтық жүйе қалыптастырмайтынын атап өтті. Соның салдарынан есепке алу, сақтау, тасымалдау, көму және ұзақ мерзімді бақылау мәселелерінде құқықтық олқылықтар туындаған.

Заң жобасында радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы негізгі ұғымдар, нысандар мен субъектілер айқындалады. Сондай-ақ радиоактивті қалдықтардың түрлері мен олардың пайда болу көздері белгіленіп, сақтау және көму орындарының құқықтық мәртебесі бекітіледі. Бұдан бөлек, мемлекеттік есепке алу және бақылау тетіктері енгізіледі.

Құжаттағы маңызды нормалардың бірі – шетелдік радиоактивті қалдықтарды Қазақстан аумағына әкелуге, орналастыруға және көмуге тікелей тыйым салу.

Жаңбыршиннің айтуынша, бұл норма елдің экологиялық егемендігін, ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған.

Құжатта мемлекеттік органдардың өкілеттіктері де нақты бөлінген. Атап айтқанда, үкімет радиоактивті қалдықтарды көму орындарын салу және жабу туралы шешім қабылдайды. Ал уәкілетті орган лицензиялау, қадағалау және мемлекеттік бақылау жұмыстарын жүзеге асырады.

Заң жобасының негізгі жаңалықтарының бірі – радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық оператор институтын құру.

«Халықаралық тәжірибе мұндай модельдің тиімділігін дәлелдеп отыр. Ұлттық оператордың болуы радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің бірыңғай, қауіпсіз әрі экономикалық тұрғыдан тиімді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді, функциялардың бытыраңқылығын болдырмайды және қауіпсіздіктің бірыңғай стандарттарын қамтамасыз етеді. Мұндай құрылымдар әлемнің көптеген елінде табысты жұмыс істейді», – деді Жаңбыршин.

Ұлттық оператордың негізгі міндеттеріне радиоактивті қалдықтарды жинау, тасымалдау және өңдеуді ұйымдастыру; сақтау және көму орындарын жобалау, салу және пайдалану; қалдықтарды өңдеу мен кондициялау; радиоактивті қалдықтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу кіреді.

Сонымен қатар мәжілісмендер «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері бойынша “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” кодекске өзгерістер енгізу туралы» ілеспе заң жобаларын да бірінші оқылымда мақұлдады.

Аталған түзетулер аясында қайталанатын нормалар алынып тасталады. Бұдан бөлек, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстен жер қойнауы кеңістігін пайдалану лицензиясы иелеріне радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға мүмкіндік беретін ережелер алып тасталады. Бұл аталған саланы құқықтық реттеудің тұтастығын, қисындылығын және жүйелілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израильде ХАМАС шабуылының үш жылдығына байланысты аза тұту шаралары өтіп жатыр

Израиль қалаларында 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС жасаған шабуылдың үш жылдығына орай аза тұту рәсімдері өтіп жатыр, деп хабарлады сәрсенбі күні The Times of Israel.

Кремль Париждің зымыран сынағына жауап берді

Кремль сейсенбі күні Францияның ядролық оқтұмсықсыз M51.3 баллистикалық зымыранын ұшыруын Франция президенті Эмманюэль Макрон айтқандай «айқын әрі анық белгі» деп қабылдады. Алайда кез келген мәселені күш көрсету мақсатындағы зымыран ұшыру арқылы емес, келіссөз жолымен шешкен дұрыс деп санайды. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Ирак мұнай экспортының қысқаруына байланысты динар бағамын долларға шаққанда 13%-ға төмендетті

Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының шектелуі Ирак экспортына кері әсер етіп, ел экономикасына қысым түсірді. Осыған байланысты Ирак билігі ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамын 13%-ға төмендетті.

Қазақстан мен Ұлыбритания білім, энергетика, логистика және ЖИ салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның сауда жөніндегі мемлекеттік министрі лорд Анас Сарварды қабылдап, экономика мен білім салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.