Евразия24ЖаңалықтарЕурокомиссия басшысы энергия нарығындағы тұрақсыздықтың себептерін атады

Еурокомиссия басшысы энергия нарығындағы тұрақсыздықтың себептерін атады

|

|

Брюссель. 11 ақпан. ИНТЕРФАКС – Еурокомиссия (ЕК) төрайымы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтағы энергия бағасының жоғары болуын, соның ішінде, қазба отынға тәуелділіктің сақталуымен байланыстырады. Ол төмен көміртекті энергия көздеріне инвестиция салудың маңызын атап өтті.

«Бағалар әлі де тым жоғары әрі тұрақсыз күйінде қалып отыр. Оның себебі белгілі. Бұл – электр желілерінің өзара байланысының жеткіліксіздігі және қазба отынға тәуелділік», – деді ЕК басшысы Страсбургте өткен Еуропарламенттің пленарлық отырысында, ЕО-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі бойынша пікірталас барысында.

Фон дер Ляйен келтірген деректерге сәйкес, 2025 жылы газ негізінде өндірілген электр энергиясының орташа құны мегаватт-сағатына 100 еуродан асқан. Күн энергиясынан өндірілген мегаватт-сағат 34 еуро болса, атом энергетикасы арқылы өндірілген электр энергиясының құны 50–60 еуро аралығында болған.

«Төмен көміртекті энергия көздері тек экологиялық таза әрі ішкі ресурстарға негізделген ғана емес. Олар бізге тәуелсіздік пен қауіпсіздікті күшейтіп, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан біз осы бағытқа қомақты қаражат бөліп отырмыз. Өткен жылы тарихта алғаш рет күн және жел энергиясынан өндірілген электр көлемі қазба отынның барлық түрлерінен өндірілген энергиядан асып түсті. Сонымен қатар атом энергетикасынан өндіріс жыл сайын өсіп келеді», – деді ол.

Сонымен бірге, оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажет. Бірыңғай нарықты толық қалыптастыру – Энергетикалық одақты да аяқтау деген сөз. Бұл, оның пікірінше, энергия бағасын одан әрі төмендету үшін аса маңызды.

«Шығындарды азайтып, тұрақтандыру үшін бізге шынайы Энергетикалық одаққа лайық инфрақұрылым қажет. Осы мақсатта “Еуропалық желілер” пакеті қабылданды. Ол рұқсат алу рәсімдерін жеделдетіп, бүкіл одақ аумағында энергетикалық магистральдардың құрылысын тездетеді», – деді фон дер Ляйен.

Оның айтуынша, өткен айда осы аясындағы алғашқы жоба – Борнхольм энергетикалық аралы бойынша келісімге қол жеткізілді. Жоба Дания мен Германияны 3 гигаватт теңіздегі жел энергетикасы арқылы байланыстыратын энергетикалық көпір құруды көздейді.

«Бұл жоба Балтық теңізіндегі жел энергиясын ұлттық ресурс деңгейінен жалпы еуропалық энергия көзіне айналдырады. Мақсат – таза энергияның одақ аумағында кедергісіз таралуын қамтамасыз ету», – деп түсіндірді ЕК төрайымы.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Әйелдер үлесі жоғары елдер

Әйелдер үлесі ең жоғары елдер рейтингінде Латвия, Армения, Ресей, Украина, Грузия және Беларусь 4–9-орындарды иеленген. Ал Қазақстанда әйелдердің үлесі 51,3%-ды құрап, әлемдік тізімде 49-орынға жайғасқан. Посткеңестік мемлекеттердің бұл рейтингте неге алдыңғы орындарды иеленгеніне назар аударайық.

«Ауыл» партиясы сайлауалды тізімін бекітті

Құрылтай сайлауына үміткерлерді ұсынған өзге партиялардағыдай, «Ауыл» партиясы да бұрыннан белгілі саясаткерлерге басымдық берді. Бұған дейін де жазғанымыздай, партия үміткерлер тізіміне VIII сайланған Мәжілістің қазіргі депутаттары Серік Егізбаевты, Қарақат Әбденді, Николай Арсютинді, Жигули Дайрабаевты және Ерболат Саурықовты енгізді.

Жастардың тәрбиесіне кім араласуы керек?

«Тәрбиесі берік отбасыдан шыққан азаматтар ешқашан адаспайды» Жастар — еліміздің...

Еуропа қор нарықтары өсім көрсетті, Испания индексі төмендеді

Дүйсенбі күні Еуропаның қор нарықтарында негізінен оң динамика байқалуда. Инвесторлар жарияланған макроэкономикалық көрсеткіштер мен корпоративтік жаңалықтарды бағалап жатыр.