Евразия24ЖаңалықтарҚытаймен арадағы визасыз режим тұрақты болуы тиіс — Титов

Қытаймен арадағы визасыз режим тұрақты болуы тиіс — Титов

|

|

Мәскеу. 18 мамыр. ИНТЕРФАКС. Ресей мен Қытай арасындағы визасыз режим мерзімі ұзартылуы керек. Ресей-Қытай достық, бейбітшілік және даму комитетінің ресейлік бөлігінің төрағасы, Ресей Президентінің Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін халықаралық ұйымдармен байланыс жөніндегі арнайы өкілі Борис Титов осындай пікір білдірді.

«Бұл тәртіп уақытша шарадан тұрақты шешімге айналуы тиіс деп нық сеніммен айта аламыз. Президент пен Үкіметке бұл режимді ұзарту туралы ұсыныс енгіземіз», – деді Борис Титов дүйсенбі күні Ресей мен Қытай арасындағы туристерге арналған визасыз режимнің алғашқы алты айлық қорытындысына арналған баспасөз таңғы асында.

Титов визасыз режимді ұзарту «екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететінін» атап өтті.

«Қазіргі жағдай көрсеткендей, визасыз режим мемлекеттеріміз арасында ешқандай демографиялық, экономикалық немесе саяси тәуекелдердің артуына әкеп соққан жоқ және ондай қатер төндіріп тұрған жоқ», – деді ол.

Комитет төрағасының пайымдауынша, «қазіргі уақытта визасыз режимді тоқтату осыған дейін қол жеткізілген нәтижелерді жоққа шығарумен тең».

«Бизнес, туристер мен өңірлер бұл жүйеге енді ғана бейімделе бастады. Алғашқы сапар таңданыс тудырса, екінші сапар шынайы жағдайды айқындайды. Егер тұрмыстық мәселелер шешілмесе, көңіл қалуы мүмкін. Ал олар оңтайлы шешімін тапса, ұзақмерзімді байланыс орнайды. Екінші кезеңсіз визасыз режим өз тиімділігін толық көрсете алмайды», – деп атап өтті Борис Титов.

Комитет өкілі Ресей тарапынан жасалатын алдағы ықтимал қадамдардың қатарында туындаған мәселелерді түгендеуді және «визасыз режимнен келетін өзара тиімділікті барынша арттыру» жөніндегі жол картасын әзірлеуді атады.

Сонымен қатар, Титов Қытаймен төлем жүйелерін өзара тану бойынша пилоттық жобаны іске қосуды, «Ресей-Қытай туристік сим-картасын» құруды, тілдік аударма бағдарламаларын танымал етуді, қайталанатын туризмді (медицина, білім беру, оқиғалық туризм) ынталандыру бағдарламаларын әзірлеуді, сондай-ақ екі ел туристері үшін коммуникациялық және инфрақұрылымдық кедергілерді еңсеруге арналған нұсқаулықтар (гайдтар) жасауды ұсынды.

«Визасыз режим тіпті сапарға шықпайтын адамдардың да көзқарасын өзгертеді. Тек статистика ғана емес, сонымен бірге танымдық түсінік те жаңа деңгейге көтеріледі», – деп түйіндеді сөзін Титов.

Қытай Ресей азаматтары үшін біржақты тәртіпте 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап бір жыл мерзімге визасыз режим енгізген болатын. Қазіргі уақытта бұл елге бару үшін тек шетелдік төлқұжат қана қажет. Бұған жауап ретінде Ресей де 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап визасыз режимді күшіне енгізді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ доллары негізгі валюталарға қатысты тұрақты саудаланып жатыр

Сейсенбі күнгі саудада АҚШ долларының еуро мен фунт стерлингке шаққандағы бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ. Ал иенаға қатысты америкалық валюта аздап қымбаттады.

Еуропада жазғы ыстықтан 35 мыңнан астам адам қайтыс болды

Биыл жазда Еуропаны жайлаған қалыптан тыс ыстық салдарынан әдеттегі көрсеткіштен кемінде 35 мыңға артық өлім тіркелді. Бұл туралы сейсенбі күні The Guardian хабарлады.

Азияның қор нарықтарындағы индекстердің басым бөлігі өсті

Сейсенбі күнгі сауда қорытындысында Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ірі елдердің қор индекстері негізінен өсім көрсетті.

Трамп Канададағы француз тіліне қарсы ешқандай талабы жоқ екенін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Оттаваның мәлімдемелерін жоққа шығарып, Канадада француз тілінің қолданылуына қарсы емес екенін айтты. Француз тілі ағылшын тілімен қатар Канададағы ресми тілдердің бірі саналады.