Евразия24ЖаңалықтарРоттердамда хантавирус анықталған лайнерге дезинфекция жүргізілуде

Роттердамда хантавирус анықталған лайнерге дезинфекция жүргізілуде

|

|

Берлин. 18 мамыр. ИНТЕРФАКС – Нидерландыда мамандар дүйсенбі күні таңертең бортында хантавирус індеті тіркелген MV Hondius круиздік лайнерін дезинфекциялау жұмыстарын бастады. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Лайнер таңертең Роттердам портына тоқтағаннан кейін оның бортына қорғаныш костюмдерін киген мамандар көтерілді. Экипаж мүшелері үшін порт аумағында уақытша нысандар орнатылып, олар сол жерде карантиннен өтетін болады.

Кеме портқа келген кезде оның бортында 25 экипаж мүшесі мен екі медицина қызметкері болған. Лайнер жолаушылары өткен аптада Канар аралдарында түсіріліп, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өз елдеріне жіберілген.

Соңғы мәліметтер бойынша, MV Hondius лайнеріндегі хантавирустан үш жолаушы көз жұмған. Олардың қатарында Нидерландыдан келген ерлі-зайыптылар және Германия азаматы бар.

Жалпы, кемінде 11 жолаушыдан аталған инфекция анықталған. Бұған дейін Нидерландыда қайтыс болған әйел мен Оңтүстік Африка Республикасында жансақтау бөлімінде жатқан Ұлыбритания азаматының ағзасынан хантавирустың Андес штамы табылғаны хабарланған болатын. ОАР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, хантавирустың тек осы түрі адамнан адамға жұғады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ доллары негізгі валюталарға қатысты тұрақты саудаланып жатыр

Сейсенбі күнгі саудада АҚШ долларының еуро мен фунт стерлингке шаққандағы бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ. Ал иенаға қатысты америкалық валюта аздап қымбаттады.

Еуропада жазғы ыстықтан 35 мыңнан астам адам қайтыс болды

Биыл жазда Еуропаны жайлаған қалыптан тыс ыстық салдарынан әдеттегі көрсеткіштен кемінде 35 мыңға артық өлім тіркелді. Бұл туралы сейсенбі күні The Guardian хабарлады.

Азияның қор нарықтарындағы индекстердің басым бөлігі өсті

Сейсенбі күнгі сауда қорытындысында Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ірі елдердің қор индекстері негізінен өсім көрсетті.

Трамп Канададағы француз тіліне қарсы ешқандай талабы жоқ екенін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Оттаваның мәлімдемелерін жоққа шығарып, Канадада француз тілінің қолданылуына қарсы емес екенін айтты. Француз тілі ағылшын тілімен қатар Канададағы ресми тілдердің бірі саналады.